Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысының жұмысына қатысты, онда VI шақырылымындағы Парламент сессиясының жабылуы туралы шешім қабылданды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар корпусының барлық жұмысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы қыркүйек айында үшінші сессияның ашылуында және Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген стратегиялық басымдықтарды іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында 41 Сенат депутаты (47 депутаттан) және 103 мәжілісмен қатысты (107 мәжілісменнен).

Мәжіліс спикері өз баяндамасында Парламенттің алтыншы шақырылымындағы үшінші сессия Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы, Астанада «Экспо-2017» бүкіләлемдік көрмесін, Сириядағы жанжалды бейбіт реттеу бойында Астана процесін өткізу сияқты маңызды оқиғалармен тұспа-тұс келгенін айтты.

«Бұл оқиғалар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зор халықаралық беделінің және оның жүргізіп отырған ішкі де, сыртқы да саясатының тиімділігінің айқын көрінісі болды. Өткен сессияларда Парламент қабырғасында тағы бір маңызды тарихи оқиға болды. Нақ осы жерде Президент өзінің Бес әлеуметтік бастамасын – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірегей және теңдессіз шаралар кешенін жариялады. Депутаттар Президенттің осы әлеуметтік бастамаларын іске асыру үшін заңнамалық негізді қалыптастыруға аса белсене атсалысты», — деді Н. Нығматулин.

Төменгі палата спикерінің айтуынша, Елбасы тапсырмаларын жоғары деңгейде сапалы заңдармен қамтамасыз ету Парламенттің негізгі, жауапты міндеті болды. Палаталардың 4 бірлескен отырысы, Мәжілістің 38 пленарлық отырысы және Сенаттың 25 пленарлық отырысы өткізіліп, 400 астам мәселе қаралған.

Үшінші сессия кезінде Парламенттің қос Палатасының қарауында 129 заң жобасы болды, бүгінгі таңда олардың 84-і қабылданып, 65-іне — Мемлекет басшысы қол қойып, заңды күшіне енгізілген. Олардың ішінде:

республикалық бюджет туралы заң,

кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері туралы заң,

венчурлық қаржыландыру туралы заң,

стандарттау туралы заң,

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекс,

«Кедендік реттеу туралы» кодекс,

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс.

Мақұлданған заң жобаларының қатарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге, еліміздің және әрбір азаматтың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік-гуманитарлық саладағы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заң жобалары бар.

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко PrimeMinister.kz тілшісіне Парламент пен Үкімет сындарлы жұмыс атқарып жатқанын мәлімдеді.

«Біз Үкіметпен осындай жемісті жұмыс жүргізбесек, негіз боларлық заңдарды қабылдап, мұндай көлемді атқара алмас едік. Қабылданған заңдардың көлеміне қараңыз, біз 100 қадамды заңнамалық рәсімдеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз, "7–20–25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша заңға өзгерістерді дайындап қойдық, тағы бір маңызды заң – банк қызметін бақылауды күшейту туралы қабылданған шешім. Бұл – Президенттің бастамаларын дамытуға бағытталған заңдар», — деді В. Божко.

Өз кезегінде, Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Павел Казанцев аяқталған сессия аса қызу әрі мазмұнды сессиялардың бірі болғанын атап өтті.

«Жүйе құрушы кодекстердің басым бөлігі салмақты түрде қайта қаралды. Бұл – салық, кеден, кәсіпкерлік кодекстері, жер қойнауы туралы кодекс – бұның бәрі экономикалық қатынастарды ырықтандыруға, халықтың қызметтерге қолжетімділігін арттыруға, айыппұлдар жүйесін заңдастыруға бағытталған. Біз, сондай-ақ, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында әлеуметтік блокты шұғыл қарастырдық, ол қазақстандықтар күтіп жүрген бастамаларды заңнамалық түрде қамтамасыз ету мақсатында жасалды», — деді П. Казанцев.

Еске сала кетейік, 15 маусымда Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті, онда депутаттар Үкіметтің есебі мен Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджетті атқару туралы тұжырымын қарап, бекітті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту