Сейсенбі күні, 28 тамызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019–2023 жылдарға арналған болжамы;

2019–2021 жж. арналған республикалық бюджет туралы, және 2019–2021 жж. арналған Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферті туралы заңдардың жобалары;

Формалды емес жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына тарту және рәсімдеу жөніндегі жол картасын іске асыру барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың және ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Жеңісбек Дулатовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 тамыз 2018

Мұрағат

Тамыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту