Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жұмыс топтарының квазимемлекеттік сектор объектілерін өткізу және сату алдындағы дайындық әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныстары қаралды.

Бұдан өзге, Мемлекеттік комиссия Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясында іске асырылып жатқан «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасын және «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым нысандарының құрылысы жобасын одан әрі қаржыландыру жөніндегі тәсілдерді мақұлдады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 тамыз 2018

Мұрағат

Тамыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту