Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін дамыту барысымен танысты. Атап айтқанда, медициналық инфрақұрылымды жаңарту шаралары қаралды.

Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетіні туралы айтылған. Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 5 жылда орташа өмір сүру ұзақтығы 1,2 жылға артты, қатерлі ісік ауруларынан өлім көрсеткіші 16,3%-ға, туберкулезден өлім 35,8 %-ға, қан айналымы жүйесінен болатын аурулардан туындайтын өлім 38,5%-ға төмендеді, туберкулезбен ауыру көрсеткіші 21%-ға азайды.

Осылайша, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысымен облыстық аурухананы аралау кезінде және жаңа көпбейінді медицина мекемесі жобасының презентациясы барысында танысты.

700 орынға арналған көпбейінді облыстық аурухананы салу Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамытудың 2018–2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарында қарастырылған.

Аталмыш нысан жоғары технологиялы медицина қызметтерінің қолжетімділігін арттырады. Облыс әкімінің орынбасары М. Қожахмет нысанның перспективалары туралы баяндай отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалану арқылы қымбат медициналық жабдықтарды сатып алу жоспарда бар екенін атап өтті.

Жаңа медициналық нысанды іске қосудан 2025 жылға қарай күтілетін нәтижелер: қан айналым жүйесі және онкология аурулары салдарынан болатын өлім-жітім деңгейін төмендеуі, жалпы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының 72 жасқа дейін өсуі, медицина кадрларының жетіспеушілігін 4%-ға дейін төмендеуі және тағы басқалар.

Жалпы 2018 жылы облыстағы денсаулық сақтау саласына (оның ішінде, денсаулық сақтау нысандарын салуға, материалды және техникалық базаны нығайтуға) 3788,3 млрд теңге қарастырылған. Бірінші тамыздағы дерек бойынша оның 97,3% игерілді.

Сондай-ақ, сапар барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыстағы спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған әмбебап теннис орталығын аралап көрді. Бұл әлеуметтік нысан 4 жабық, 3 ашық теннис алаңынан тұрады. Сонымен қатар, екі жабық алаң баскетбол мен волейболға арналған әмбебап спорт алаңына түрленеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 03 қыркүйек 2018

Мұрағат

Қыркүйек
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту