Қазақстан көршілес орналасқан Орталық Азия елдерін бірлесіп күш салу арқылы Ауғанстанның дамуына жәрдем беруге шақырды.

«Біздің пікірімізше, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанды экономикалық байланыстарда біріктіруге болады. Ұжым болып Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық беріп, нақты экономикалық жобалары бар халықаралық бизнесті тарту арқылы кешенді даму бағдарламасын қабылдауымыз қажет»,- деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада өтіп жатқан «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» өңірлік конференциясында.

Министр Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшесі ретінде Ауғанстан мүддесін қорғауға басымдық беретінін жеткізді. Себебі, елдің қалпына келуі мен мемлекет ішінде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы тұтас Орталық Азияның қауіпсіздігі үшін аса маңызды.

Өз тарапынан Қазақстан қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Ауғанстанға сапарын ұйымдастырған болатын. Одан бөлек, коммерциялық жүк логистикасы, энергетика, автомобиль жолдары мен темiр жолдарды салу, пайдалы қазбаларды өндiру жөнiнде ынтымақтастық орнатып жатыр. Президенттің бастамасы бойынша, Қазақстан Ауғанстанның мыңдаған студенттерін тегін оқыту міндетін алды және бұл мақсатқа 50 миллион доллар бөлінді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 05 қыркүйек 2018

Мұрағат

Қыркүйек
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту