ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Семей қаласында қала активімен және жұртшылығымен Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында алға қойылған негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Атап айтқанда, халық кірісінің деңгейін арттыру, медициналық қызмет көрсету және білім беру сапасын жақсарту, ШОБ дамытудың қосымша құралдары, сондай-ақ, индустриялық даму келешегі мәселелері талқыланды.

Кеңесті ашқан ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жаңа Жолдаудың негізгі аспектісі халықтың өмір сапасын жақсарту екенін атап өтті. Мектепке дейінгі жастан бастап білім беру сапасын арттыру мәселесне ерекше көңіл бөлінді, бұл бәсекеге қабілетті азаматты қалыптастыруға ықпал етеді. Азаматтардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету аясында, әсіресе жылыту маусымының басталуына орай, тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсартудың маңыздылығы аталып өтті.

Президент Жолдауының барлық бағыттарын іске асыруға үш жылдық кезеңге 1,75 трлн теңге қарастырылған, олар қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға қажетті жағдайларды жасауға бағытталады. Осылайша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге өседі — 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге дейін. Бұдан өзге, 275 мың азаматтық қызметкер орта есеппен 35%-ға жоғары еңбекақы алады. Бұл, бірінші кезекте, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің қызметкерлері.

Сондай-ақ, ең төменгі жалақы көлемінің ұлғаюымен жұмыспен қамтылған халықтың салық жүктемесі барлық жалдамалы жұмыскерлердің табысынан салық шегерімдерінің ұлғаюына қарай азаяды. Салық жүктемесін төмендету 6 млн-нан астам жалдамалы жұмыскерлерге қатысты.

Аталған мәселе бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының ең төменгі еңбекақы мөлшерін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Үкімет қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіп жатыр. Жалпы, ең төменгі еңбекақыны өсіру экономиканың барлық салаларында жалақы мөлшері аз қызметтерде жұмыс істейтін 1,3 млн адамның еңбекақысын өсіруге жол ашады. Жергілікті бюджеттің жеке табыс және әлеуметтік салықтардың жеткілікті мөлшерде түспеуінен болатын шығындарын өтеу үшін республикалық бюджетте 10,5 млрд тг қарастырылады.

«Жолдауда қарастырылған барлық шараларды іске асыру халықтың нақты кірістерінің өсімі, халықтың төлемге қабілеттігінің артуы, ішкі жиынтық сұраныстың артуы мен көлеңкелі экономика көлемінің төмендеуі түрінде мықты әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді», — деді М. Әбілқасымова.

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев өз кезегінде Елбасы тапсырмаларын іске асыру аясында мұғалімдердің мәртебесі мен еңбекақысын арттыру, білім беру сапасын жақсарту саласында елеулі жұмыстар атқарылып жатқанын, балалар мен педагогтерге қажетті жағдайлар жасалып, мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленеді. Заңда педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, оқу жүктемесін қысқарту және қажетсіз тексерістерден қорғау және т.б. шаралар қарастырылады. Заң жобасы 2–3 ай ішінде әзірленіп, қоғамдық талқылауға шығарылады. Педагогтерден, ата-аналар мен барлық ниет білдірушілерден аталған жұмысқа белсене қатысуды сұраймын», — деді білім және ғылым министрі.

Сонымен қатар, бүгінде өңірде республикалық бюджеттен үш мектепті салуға 2,5 млрд тг бөлінген. Қосымша бөлінген 50 млрд тг алдымен апатты мектептерді азайтуға жұмсалады.

«Жалпы, Мемлекет басшысы берген тапсырмалар педагогтер қауымымен және ата-аналармен бірге талқыланып, түсіндіріліп, содан кейін барып жүзеге асырылады. Барлық жаңашылдықтар тек олардың қолдауымен енгізіледі», — деді Е. Сағадиев, қала жұртшылығына бағыттап.

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды. Ол аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналуға шақырады. Облыс бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 2261 маманын оқыту көзделген, оның ішінде 611 – дәрігер, 1650 – мейірбике.

Е. Біртанов 2019 жылдан бастап қағаз түріндегі құжат айналымы тоқтатылып, барлық денсаулық сақтау ұйымдары электронды форматқа көшетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл дәрігерлерді артық құжат толтырудан босатады — барлық ақпарат денсаулықтың электронды паспорттарында сақталады. 2019 жылғы қарашаға дейін халықтың 100%-ында денсаулықтың электронды паспорты болады, онда азаматтың қайда жүгінгеніне қарамастан, әрбір азаматтың денсаулығы туралы объективті деректер қолжетімді болады. Бұдан өзге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде барлық тегін дәрі-дәрмектерді берудің дербестендірілген электронды есебі жүргізіліп, дәрілік қамтамасыз етуді жоспарлау жүйесі автоматтандырылады. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, аталған шаралар дәрі-дәрмектерді сатып алу өтінімдерін дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін заңнамалық өзгерістер қабылданады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, барлық дәрі-дәрмектердің бағаларын реттеу жүйесі әзірленді, оларды сатып алу 2019 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді қадағалайтын пилоттық жүйе әзірленді, ол жалпы еліміз бойынша бірдей дәрі-дәрмектердің бағаларын бірдей деңгейде қоюға мүмкіндік береді.

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек өз баяндамасында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында өмір сүруге жайлы орта құру, көлік инфрақұрылымын дамыту, жергілікті жолдардың сапасын арттыру, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту есебінен жұмыс орындарын құру міндеттері аталып өткенін айтты.

Азаматтарды сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылған.

«Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 3638 тұрғын үй салынды, соның ішінде 1347 – жеке тұрғын үй. Биыл 410,5 мың м2, соның ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында мемлекеттік қаржы көздері есебінен 126,4 мың м2 пайдалануға беру көзделген. Жалпы, республика бойынша 1294 мың м2 (22 623 пәтер) құрылысына 172,5 млрд тг мемлекеттік инвестиция бағытталған. Семей қаласы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 28,5 мың м2 тұрғын үй (486 пәтер) құрылысына 3,5 млрд тг бағытталған – бұл несиелік тұрғын үйдің сегіз үйінің құрылысы», — деді Ж. Қасымбек.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы бес жылда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 650 мыңнан астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 2 млн азамат баспаналы болады деген сөз. Бүгінде халықтың баспаға қолжетімділігін арттырған Елбасының «7-20-25» бастамасы болып отыр. Бағдарлама арқасында алдағы бес жыл ішінде шамамен 103 мың адамның тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі болады.

«Жыл соңына дейін Павлодар облысынан Семейге одан әрі Қалбатауға дейінгі жолды ашуды жоспарлап отырмыз. 2019 жылы "Таскескен – Бақты" және "Өскемен – Зырян – Рахман кілттері" учаскесінің жұмысы аяқталады. 2017 жылдан бастап ұзындығы 415 км "Қалбатау – Майқапшағай" және 449 км болатын "Талдықорған – Өскемен" автожолы жөнделіп жатыр. Жоспар бойынша жөндеу жұмысы 2020 жылы аяқталуы тиіс. Жалпы, 2021 жылға қарай облыс арқылы өтетін негізгі халықаралық бағыттағы автожолдар толығымен қайта жаңғыртылады», — деді Ж. Қасымбек.

Шығыс Қазақстан облысында индустриаландыру жылдарында металлургия, машина жасау салалары қарқынды дамыған. Құны 224,6 млрд теңгелік 57 жоба іске қосылып, 7,1 мың адам тұрақты жұмыс орнын тапқан. Жалпы өңдеу өнеркәсі саласындағы облыстың үлесі 14%-ды құрайды, экспорттың жалпы көлемінде — 15%. Шығыс Қазақстан облысының 40-тан астам кәсіпорны өз өнімдерін экспортқа шығарады. Бұл — негізінен металлургия, химия және машина жасау салаларының өнімдері.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешу үшін АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны технологиялық қайта жарақтандыру бойынша қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Бұл мақсаттарға қосымша жыл сайын 100 млрд. теңгеден кем емес қаржы бөлінетін болады, нәтижесінде, АӨК алдына қойылған міндеттерді толық іске асыруға мүмкіндік туады.

Оның айтуынша, АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы қаржы тетіктерін жетілдіру және жаңа қаржы тетіктерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде – аграрлық қолхат енгізу, агросақтандыруды жетілдіру, сонымен қатар несиелік серіктестіктер жүйесін дамыту бар.

Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов Жолдау 2019-да шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Келесі жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикалық бюджет аясында «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасын одан әрі іске асыру үшін қосымша 30 млрд тг қарастырылатын болады. Бұл үш жыл ішінде тағы да 22 мыңнан кем емес жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Семей қаласының жұртшылық өкілдері сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді.

«Мемлекет басшысы қолайлы өмір сүру ортасын құру қажеттігін ерекше атап өтті. Ол – ең алдымен, өмір сүру және жұмыс істеу үшін қолайлы елді мекендегі сапалы инфрақұрылымы бар тұрғын үйдің қолжетімділігі, әдемі әрі қауіпсіз ауланың болуы. Көпжылдық тәжірибесі бар құрылысшы ретінде меніңше, жаңа Жолдау жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз Президент Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға әзірміз. Келесі жылдан бастап біз өз кәсіпорнымызда жалақыны 50%-ға көтереміз», — деді «Фирма «Азия» ЖШС құрылтайшысы Ә. Досқожанов.

«Фирма «Азия» ЖШС «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға қатысатынын айта кеткен жөн.

«Президент Жолдауында өңірлік және қалалық ортаны жүйелі дамыту міндеті қойылған. Нақты осы тәсіл аясында, Семейде "Қарағайлы" заманауи ықшамауданның құрылысы жүргізіліп жатыр, барлық инфрақұрылымдық мәселелері шешілген. Бұл "адамдарға инфрақұрылым қажет" моделін іске асырудың көрнекті мысалы. Шамамен 100 көппәтерлі үй салу жоспарланған», — деді Ә. Досқожанов

Семей қаласындағы №38 мектептің тарих пәнінің мұғалімі В. Галушко білім беруге жұмсалатын шығындардың артуы алдағы уақытта тиімді нәтижелер беретініне сенімді.

«Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы – бұл еліміздің кез келген азаматы үшін маңызды оқиға. Әрқайсымыз одан өзімізге басты бағыт табамыз. Ұстаз ретінде мен үшін жаңа Жолдауда білім беру саласына баса көңіл бөлінгені маңызды. Яғни, келесі жылы педагогтардың мәртебесі туралы заңның қабылдануы, 2019 ж. 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 1,5 есеге – орта есеппен 35%-ға көтерілуі аса маңызды», — деді тарих пәнінің мұғалімі.

В. Галушко мұғалімдердің жаңартылған білім мазмұны, жаратылыстану-математика циклдері пәндерін ағылшын тілінде жүргізгені, жаңа форматтағы аттестаттауды растағаны үшін үстеме ақы алып отырғанын айтты.

Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының функционалдық диагностика дәрігері И. Рахимова денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту медициналық қызметтер көрсету сапасын біршама жақсартатынын,ал цифрландыруды енгізу дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтып, тікелей міндеттеріне көбірек көңіл бөлулеріне мүмкіндік беретінін жеткізді.

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Еспенбетов Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында педагогтардың мәртебесін арттыру бойынша қойылған міндеттердің маңыздылығы мен уақытылы көтерілгенін атап өтті.

«Біз еліміздің жаһандық жетістерінің куәсі болып отырмыз. Тарихи құжат – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы шынымен де адам капиталының сапасын көтеруге, барлық қажетті жағдайларды жасауға бағытталған», — деді А. Еспенбетов Елбасына алғысын білдіре отырып.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 10 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту