ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзету саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және болашағы туралы пікір алмасты.

Тараптар мүдделі бағыттар бойынша екіжақты іс-қимылдарды нығайтуға әзір екендіктерін мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог түрінде өтті.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 09 қаңтар 2019

Мұрағат

Қаңтар
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту