Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елімізде қоғамдық қауіпсіздікті және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында қоғамдық тәртіпті сақтау саласының қазіргі жағдайы және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды. Ішкі істер министрі Қ. Қасымов ұрлықтарға қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс істеушіліктің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұдан өзге, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу қызметіне цифрландыруды енгізуге көңіл бөлінді.

Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдарға қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін шұғыл шешуге мүмкіндік беретін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 08 ақпан 2019

Мұрағат

Ақпан
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту