Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-12» ТБК іске қосу науқаны барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Роскосмос» корпорациясының Бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті.

Келіссөзге сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек  Көшербаев қатысты.

Кездесуде «Байқоңыр» кешеніндегі және жалпы ғарыш саласындағы ынтымақтастыққа арналған кең ауқымды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, тараптар «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі жобаны іске асыру бойынша жұмыстардың барысын талқылады және 2022 жылы оның ұшу сынақтарына шығатын одан әрі бірлескен іс-қимыл тәртібін келісті. Тараптардың назары жобаның коммерциялық тартымдылығын қамтамасыз етудің маңыздылығына да аударылды.

Кездесуде сондай-ақ тараптар мүддесінде одан әрі пайдалану мақсатында Гагарин стартын жаңғырту жобасын БАӘ-мен бірлесіп үш жақты іске асыру, One Web бағдарламасы бойынша іске қосу қызметтерін іске асыруда Ресей мен Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.

Кездесу барысында делегациялар Байқоңыр қаласының даму перспективасы мен проблемалық мәселелерін шешуге, оның тұрғындарының лайықты тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік-саяси жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шараларды талқылады. Атап айтқанда, бизнесті дамыту, халықтың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін "Байқоңыр" еркін экономикалық аймағын (ЕЭА) құру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Делегация басшылары «Байқоңыр» кешені жөніндегі Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы қызметінің тиімділігін жоғары бағалады және ағымдағы жылдың сәуір айында Мәскеуде оның алтыншы отырысын өткізу туралы алдын ала келісім жасалды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 15 наурыз 2019

Мұрағат

Наурыз
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту