Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова студенттер жатақханаларын салу жұмыстары туралы айтып берді.

Б. Асылова Қазақстан тарихында алғаш рет биыл 9 196 орынға арналған 29 жатақхана пайдалануға берілетінін айтты.

«Еліміздің тарихында бұған дейін осындай көрсеткіш болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы салынған жатақханалардың мақсатты құрылысы жүргізілді. Жылына көп дегенде 2-2,5 мың орын пайдалануға берілетін. Аталған жобаны іске асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану өз тиімділігін көрсетті», — деді ҚР вице-министрі.

Сонымен қатар, ол жобаны іске асырудың алдында өңірлер бойынша барлық қажеттілікке талдау жүргізілгенін атап өтті. Бүгінде жалпы қажеттілік 91 мың орынды құрайды. Олардың ішінде ЖОО-лар бойынша — 68 мың, колледждер бойынша — 23 мың. Ең жоғары қажеттілік — Алматы қаласында – 31 мың орынға, Нұр-Сұлтан қаласында – 17 мың орынға, Шымкент қаласында – 8,4 мың орынға. Биыл берілетін 29 жоба барлық өңірлерде дерлік болады.

Вице-министрдің айтуынша, жатақханалар салу жобасының жалпы құны 152 млрд тг құрайды. Бүгінде жоба толықтай қаржыландырылған.

«Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі жобаны жүзеге асыруға 1 млрд теңге қарастырған. Алдағы жылдарда біздегі үш жылдық бюджеттік циклді ескере отырып, шамамен 14 млрд теңге көзделген. Негізінен бізде барлық бюджеттік есептер бар, бюджет комиссиясының оң шешімі бар. Жалпы, бұл жоба қаржылық қамтамасыз етілген. Қаржыландырудың жалпы көлемі 152 млрд теңгені құрайды», — деді Б. Асылова.

Сондай-ақ, вице-министр төсек орнына жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы мәселе бойынша түсініктеме берді. Оның айтуынша, нысан құрылысы кезінде бір төсек орнына арналған мемлекеттік тапсырыс 122 АЕК және реконструкциялау кезінде 47 АЕК құрайтынын айтты.

«Бізге екі есе қымбат жобалар ұсынылды. Бізге қымбат жобалар ұсынған оқу орындары да бар. Бұл негізінен техникалық жағдайларды кеңейту, жекелеген бөлмелердің болуы және т.б. мәселелермен түсіндірілді. Аталған тетік осындай қымбат жобаларды толығымен қамти алмайды. Сондықтан қажетсіз қымбат жобаларды қысқарту туралы тапсырма берілді», — деді вице-министр.

Сондай-ақ, вице-министр бүгінде ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті 120, 180, 240 орынға арналған үш үлгілік жобаны мақұлдағанын айтты. Барлық жобалар «Қаржы орталығы» АҚ сайтында орналастырылған. Қол қойылған келісімшарттар бойынша 500 орындық жатақхананың орташа құны шамамен 800-900 мың теңгені құрайды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 сәуір 2019

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту