Биыл елімізде 550-ден астам адам энтеровирустық инфекциямен  ауырды деген күдікпен дәрігерлер көмегіне жүгініп, 154 адам дадиагноз зертханалық жолмен расталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты.

Брифингте санитарлық-эпидемиялық ахуал мәселелері, оның ішінде елімізде тұрақты эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету бойынша Агенттіктің қабылдаған профилактикалық шаралары туралы сөз қозғалды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, қазір энтеревирустық инфекциялармен сырқаттанушылық жағдайы көбейіп тұр.

"2013 жылы республика бойынша 900 адам дәрігерлерге жүгініп, 264 адамда диагноз зертханалық жағдайдарасталған. Сырқаттанушылық Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарынан басқа барлық өңірлерде тіркелген. Ал биыл 552 адам дәрігерге қаралып, олардың 154-інің диагнозы зертханадарасталған. Ауру еліміздің 8 өңірінде (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында) тіркелді," - деп атап өтті Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, биылғы маусым-шілде айларында Астана қаласында зертханалықрасталған энтеровирустық берішті менингиттің 80 жағдайы, Қарағанды облысында 49 жағдайы тіркелген.

"Агенттіктің аумақтық департаменттері энтеровирустық инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыс жүргізуде", - дейді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, қоршаған орта объектілерін - ашық су қоймаларының, жүзу бассейндерінің, су бұрқақтардың суын, ағынды суды мониторингілеу күшейтілді.

Сондай-ақ, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ата-аналарға балаларын жеке гигиена ережелерін сақтауға, шомылудан бас тартуға, сапасы күмәнді суды ішпеуге, адамдар жаппай жиналатын жерлерге бармауға, суық тиюден сақтануға дағдылануға кеңес берді.

Қазақстанда 28 жұқпалы ауру түрінің бәсеңдеуі байқалуда. «Біз үшін ең маңыздысы, әрине, С гепатиті, ол 2,5 есеге азайды. Жалпы алғанда алғашқы жартыжылдықта менингококктік инфекция 37%, бактериялық дизентерия - 33%, В гепатиті - 20% және туберкулез - 12,6% азайды», - деді ол.

Оның айтуынша, жұқпалы аурулардың алдын алудағы профилактикалық жұмыстарды, заманауи диагностика жүргізуге Үкіметтің көрсетіп отырған қаржылық көмегі зор ықпалын тигізуде.

ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі энтеровирустық инфекция ауруларының көбеюіне байланысты еліміздегі ашық су қоймалары мен бассейндердегі судың сапасын бақылауға алу жұмыстарын күшейтті.

«Энтеровирус бассейндерден табылған жоқ, дегенмен олар кәріз суларынан көптеп табылуда. Бұл аталған вирустың қоршаған ортада бар екендігінің жанама дәлелі. Сондықтан біз жүйелі жұмыс жүргізудеміз», - деді ол.

Оның айтуынша, арнайы белгіленбеген жерлерде суға шомылу аталған вирусты жұқтыруға әкеп соғады. Өткен жылы мұндай вирус жұқтырғандардың саны 900-ден асса, биылғы жарты жылда 550-ден асып отыр.

Ж. Бекшин атап өткендей, биыл Қазақстанда Орталық Азияда тұңғыш рет молекулярлық-генетикалық деңгейде жұмыстар жүргізілді.

«Биыл тұңғыш рет біздің Астаналық санитарлық эпидемиологиялық экспертиза орталығы молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізді. Оның нәтижелері вирустың шыққан жері туралы толық мәліметтерге қол жеткізуімізге мүмкіндік тудырды. Енді осы деректерді пайдалана отырып, одан әрі қандай жұмыстар атқару керектігін белгілейтін боламыз», - деді ол.

ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Сауд Арабиясында коронавирустың жаппай таралуына байланысты биылғы қажылықтан бас тарта тұруға кеңес берді. 

«Біз Қажылыққа кедергі келтіріп отырған жоқпыз. Бірақ халықты биылғы қажылыққа бармай тұра тұруға немесе жылдың басқа мерзіміне ауыстыруға шақыру - біздің міндетіміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ондағы жағдайды жаппай карантин деп қарастырмайды, дегенмен жағдай шынымен де алаңдатарлық», - деді Ж. Бекшин бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, коронавируспен ауру жағдайы ең көп тіркелген аймақ Сауд Арабиясы болып отыр. Онда 400-ден астам жағдай тіркеліп, 115 адам көз жұмған.

«Бұл - өте қауіпті инфекция. Оған шалдыққандардың өлімі қаупі 70 пайызды құрайды. Қазір 700-ге жуық адамда осы ару белгілері  тіркелген, олардың 300-дейі қайтыс болды», - деп атап өтті ол.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 шілде 2014

Мұрағат

Шілде
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту