ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин және Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты.

Кеңеске қатысушылар биылғы 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдығы бар міндеттерді қарады.  

Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Украинадағы ішкі саяси ахуалдың және сонымен байланысты халықаралық оқиғалардың отандық экономиканың дамуына  ықпал ету ықтималдығының түрлі аспектілері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 шілде 2014

Мұрағат

Шілде
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту