Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов Қарағанды гарнизонына жұмыс сапары аясында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің «Өзара іс-қимыл - 2014» оқу-жаттығуын өткізуге әзірлік жағдайын тексерді.

ҰҚШҰ ҰЖДҚК бірлескен оқу-жаттығуы 2014 жылғы 18-22 тамыз аралығында «Спасск» полигонында өтеді. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштерінің әскери контингенттері қатысады.

Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер контингенттерінің басқару органдары мен әскерлері ҰҚШҰ ҰЖДҚК кұрамындағы контингенттерді Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңірінде қолдану мәселелерін пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 3 мыңға жуық адамды құрайды. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға 200-ден астам әскери техника және 30-ға жуық авиациялық техника қатысады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 02 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту