Қазақстан және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің басшылары Өскеменде екіжақты ынтымақтастық және ЕАЭО шеңберіндегі ықпалдастық мәселелерін талқылады.

«Өскемене С.Лавров бірнеше кәсіпорындарды, соның ішінде «Азия авто» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Үлбі металлургиялық зауытына барып, құрамында бериллий, тантал және ниобий бар ядролық жанармай мен өнімдерінің компоненттерін өндіру тарихымен танысты. Сондай-ақ ол қазақстандық кремний негізінде күн модульдерін өндіру жобасынан, оның ішінде осында орналасқан фотовольттық торлар өндірісінен хабардар болды. Ресейлік қонақ сонымен қатар Өскемендегі РФ Бас консулдығы мен Андрей Первозванныйдың кафедралы шіркеуде болды», делінген хабарламада.

Сапар шеңберінде ҚР мен РФ сыртқы саяси мекемелерінің басшылары Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавровтың келіссөздері өтті, олардың барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстандық-ресейлік ынтымақтастық мәселелері, халықаралық институттар мен интеграциялық бірліктер аясындағы ықпалдастық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланды.

Сұхбаттасушылар Орталық Азия, Украина және Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілеріне көңіл бөлді.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық және шекара аралық ынтымақтастық шеңберіндегі ықпалдастықты нығайту бойынша практикалық қадамдарды талқылауына, өнеркәсіптік, жанармай-энергетикалық, атом және ғарыш саласындағы ықпалдастыққа, 2013-2015 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалауға ерекше назар аударылды.

Алдағы күзде Астраханьда өтетін Каспий маңы мемлекеттерінің 4-ші саммиті аясында Каспий мәселесін және Атырауда екі ел басшыларының қатысуымен өтетін 11-ші Қазақстан және Ресей Өңіраралық ынтымақтастық форумының тақырыбын ескерумен мұнай-газ саласында шекаралық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелеріне екпін қойылды.

Көпжақты форматтағы ынтымақтастық туралы сөз қозғағанда сұхбаттасушылар Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі жұмысты талқылап, Беларусь, Қазақстан, Ресей басшылары Астанада қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшарттың оң әлеуетін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар ТМД және ҰҚКҰ шеңберіндегі ықпалдастық мәселелерін қарастырып, БҰҰ, ЕҚКҰ, ШЫҰ және АӨСШК секілді халықаралық ұйымдар шеңберінде қадамдарын үйлестіруге келісті.

Кездесу қорытындылары бойынша сыртқы саяси мекемелердің қос басшылары БАҚ өкілдері алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ізгілікті серіктестік қатынастарға бейілділік екі елдің сыртқы саясатындағы басты басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті. Тараптар негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдар жақындығын растап, өңірлік, континенттік және халықаралық деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлескен жұмысты жалғастыруға ниеттерін білдірді.

«Сапардың Қазақстанның ең ірі өнеркәсіп орталығының бірі Өскеменде өткізілуі - Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарааралық ынтымақтастықтың маңызын ескерсек, символикалық мәнге ие. Оның үлесіне екіжақты сауда айналымының 70 пайызы тиесілі. Бұл сапар екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарының одан әрі нығайту мен кеңейтуге бағытталған зор еңбегінің жемісін көруге мүмкіндік берді. Екі елдің өңірлерінде осындай кездесулердің өткізілуі жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 06 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту