Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар министрліктер мен агенттік басшылары тағайындалды.

Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметінен босатылды.

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі қызметінен босатылды.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, ол  Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметінен босатылды.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметінен босатылды.

Владимир Сергеевич Школьник Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 06 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту