Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Серік Ахметовпен кездесті.

 Кездесу барысында С. Ахметов Қарулы Күштерді ұдайы жауынгерлік дайындықта ұстау жөніндегі жүйелі жұмыстар туралы баяндады, әскерлердің жауынгерлік шеберлігін арттыру, армияны қару-жарақтың заманауи үлгілерімен және әскери техникалармен жабдықтау мақсатында өткізілген ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар туралы әңгімеледі. 

Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін әрі қарай дамытудың маңыздылығына және жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев оқ-дәрілерді қазақстандық кәсіпорындарда өндіру, сондай-ақ қару-жарақтар мен әскери техникалар жеткізетін сенімді көздерді анықтау мәселелеріне мән берді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 13 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту