Бүгін «Спасск» полигонында (Қарағанды облысы) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштері (ҰҚШҰ ҰЖДҚК) «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Оқу-жаттығудың ашылуына ҰҚШҰ Бас хатшысы Валерий Семериков, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-лейтенант Александр Студеникин қатысты.

Оқу-жаттығуға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов: «ҰҚШҰ ҰЖДҚК Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша ҰҚШҰ мемлекет басшыларының шешімімен құрылған.

Осы оқу-жаттығуда біз тұңғыш рет далалық жағдайда ҰҚШҰ Біріккен штабының және ТМД Хатшылығының қатысуымен ҰҚШҰ ҰЖДҚК қолбасшылығын толық құрамда өрістетеміз. Жылдан жылға Ұжымдық жедел ден қою күштерінің бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары жеке құрамы бойында үздік қасиеттер қалыптасуда, олардың әлеуеті артып, дағдысы шыңдала түсуде», - деп атап өтті.

«Бұл оқу-жаттығуда негізінен кәсіпқойлардан – офицерлерден, сержанттар мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден тұратын жеке құрам машықтану деңгейін, білімі мен шеберлігін бірлесе іс-қимыл жасауға қабілеттілігін көрсетеді деп санаймын», - деді С. Жасұзақов

ҰҚШҰ ҰЖДҚК контингенттерінің «Өзара іс-қимыл» кешенді оқу-жаттығуының мақсаты жауынгерлік іс-қимылдарды даярлауда және әскерлерді басқаруда, соның ішінде өзара іс-қимыл мен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру өңірінде контингенттерді өрістету кезінде ҰҚШҰ ҰЖӘЕК басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ ҰЖДҚК әскери контингенттері мен арнаулы мақсаттағы күштерінің құралымдарын Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия аймағында қолдану пысықталатын болады.

«Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуының ерекшелігі алдын ала кезеңде Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелерін ҰҚШҰ Ұжымдық авиациялық күштері құрамында әскери-көліктік авиацияның ұшақтарымен жеткізу (оқу-жаттығу бойынша) және ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерін Қазақстан мен Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс біртұтас өңірлік жүйесімен бүркемелеу мәселесі бойынша практикалық міндеттерді орындау болады.

«Өзара іс-қимыл - 2014» оқу-жаттығуының практикалық кезеңдерінде тұңғыш рет ақпараттық қарсы тұруды және психологиялық күресті ұйымдастыру, оларды жүргізу жөніндегі міндеттерді орындау, сондай-ақ өз ақпараттық жүйелеріміздің киберқауіпсіздігін қаматамасыз ету және қарсыластың ақпараттық объектілеріне бағдарламалық-техникалық ықпал ету мәселелері пысықталады.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан тартылатын әскери контингенттердің, жедел топтар мен арнайы мақсаттағы күштер құралымдарының саны 3000 адамға жуық, жауынгерлік және арнайы техника 200 дана шамасында, ұшақтар мен тікұшақтар саны 30-ға жуық.

Олардың құрамында ҰҚШҰ ҰЖӘЕК-ға қосылған Ресей Әуе-десант әскерлерінің десанттық шабуыл бригадасының бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Аэроұтқыр әскерлерінің бригадалары, Беларусь Республикасы Арнайы операциялар күштері ұтқыр бригадасы, Қырғызстан Қарулы Күштерінің арнайы бөлімшелері, Тәжікстанның десанттық-шабуыл ротасы бар.

«Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуына қатысушылар мен БАҚ өкілдері оқу-жаттығуға тартылған ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің қару-жарағымен және әскери техникасымен танысты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 18 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту