ҚР Қорғаныс министрi Серiк Ахметов Ресей Федерациясы «Алабино» полигонында танк биатлонынан екі апталық халықаралық чемпионаттан жүлделi оралған қазақстандық жауынгерлердi марапаттады.

Қорғаныс министрлi қазақстандық танкiшiлердiң шеберлiгiн жоғары бағалап қана қоймай, олар әлемдiк деңгейдегi көшбасшылардың бiрi екендiгiне де баса назар аударды.

"Бiздiң команда жоғары жауынгерлiк даярлық көрсеттi. Оған барлығымыз куә болдық. Он екi команданың арасында жалпыкомандалық 2-орынға ие болды. Бiздiң әрiптестер жауынгерлiк машинаны жүргiзуде, дәл атуда жоғары шеберлiк көрсеттi. Барлық команда мүшелерi жеңiске деген құштарлығын, ұрыс қабiлетiн таныта бiлдi және бiр адамдай жұмылып iстедi. Бiздiң команданың шеберлiгi жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушылар тарапынан да жоғары бағаланды", - деп атап өттi С. Ахметов Қорғаныс министрлiгiнде өткен салтанатты шарада.

Айта кетейiк, Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында танк биатлонынан өткен екі апталық халықаралық чемпионат 16 тамызда аяқталды.

Биылғы командалар арасындағы бәсекелестіктің айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан, қазақстандық танкішілер жалпы командалық есепте құрметті екінші орынды иеленді (266 ұпай). Бірінші орында Ресей Федерациясының командасы (294 ұпай), үшінші орында - Қытай Халық Республикасы (220 ұпай). Қазақстандық экипаж Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Ресей және Сербия сияқты 11 елден келген командалармен шеберлiк сынасты.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 19 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту