Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушезбен және ЕО он тоғыз елі дипломатиялық миссиясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуы мен қызметінің негізгі қағидаттары таныстырылды.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, соның ішінде ЕАЭО Сотын құру, ортақ нарықты қалыптастыру, ЕАЭО туралы шартты ратификациялау, ЕАЭО-ға Армения мен Қырғызстанның қосылуы, сондай-ақ ЕАЭО пен ЕО-ның ықтимал ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алысылды.

Кездесудің қорытындысында тараптар Қазақстан және Еуропалық Одақ стратегиялық әріптестер екендігін атап өтті және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екендігін білдірді.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Қосымша ақпаратты www.primeminister.kz сайтынан көріңіздер

Жарияланды: 25 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту