Астана қаласында Сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде қазақстандық-ресейлік консультациялар өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

 Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев, Ресей тарапын Ресей Федерациясының статс-хатшысы - Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин басқарды.

«Кездесу барысында сұхбаттастар саясат, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты», делінген хабарламада.

30 қыркүйекте Атырау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Қазақстан және Ресей аймақаралық ынтымақтастықтың ХІ форумына дайындыққа және 2012 жылдың желтоқсанында екі ел басшыларымен бекітілген Қазақстан мен Ресейдің 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының орындалуын талдауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ТМД, ҰҚШҰ және ЕЭО шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Консультацияның қатысушылары Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Шарттың және Қырғыз Республикасының БЭК-ке кіруінің «Жол картасының» дайындалуы туралы пікір алмасты.

Қорытындылай келе, сыртқы саяси ведомстволардың басшыларының орынбасарлары 2014 жылға арналған Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы іс-шаралардың жоспарында көзделген тармақтардың уақытылы орындалуының маңыздылығын атап өтті.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 29 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту