ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау ШҚО-ға жұмыс сапары барысында салынып жатқан Металлургия орталығына ат басын тіреді. Мұнда жобаның перспективаларымен және мәселелерімен танысты. Белгілі бір себептерге байланысты құрылыс кестеде көрсетілген уақытқа қарағанда кешігуде, алайда ол үдеріс облыс басшылығының бақылауында. Өткен демалыс күндері жобаны жүзеге асырушылармен кездескен Бердібек Сапарбаев  жұмысты оңтайландыру үшін бірқатар тапсырма жүктеді. 

Бүгінде сусымалы құрылыс материалдарын формалау технологиясын өңдеу өнеркәсіптік-тәжірибелік учаскесі құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Күйдіру электр пешін монтаждау жұмысы тәмамдалды. 3,5 тонна өнім күйдірілді. Ағымдағы жылы маусымда генераторлық  қондырғы жеткізілді. Бу турбиналық қондырғы дайындалуда. Бұл учаске бойынша 305,7 млн. теңге жұмсалды. Көмірді және құрамында көмірі бар материалдарды қайта өңдеу учаскесінде технологиялық желінің құрылысы аяқталды, іске қосу сынамалары жасалды. 340 тонна дайын өнім өндірілді. Оның сараптамасы кокстың негізгі параметрлері технологиялық регламент талаптарына сай екенін көрсеткен. Аталған учаскеде 382,7 млн. теңге жұмсалды.

Жобаны жүзеге асырушылар көмірді және құрамында көмірі бар материалдарды қайта өңдеу учаскесінде жұмыстарды 2014 жылдың 4 тоқсанында аяқтауды межелеп отыр. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай,  ШҚО-да  Металлургия орталығының құрылысы жобасын ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсыруымен «ҚР минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК жүзеге асыруда. Бастапқыда минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы 5 өнеркәсіптік-тәжірибелік учаскесін - сусымалы материалдарды және  ұнтақ металлургиясының тұтас объектілерін құрастыру бойынша, көмірді және құрамында көмірі бар материалдарды қайта өңдеу бойынша, пирометаллургиялық үрдістер бойынша, прокат өндірісі және өнеркәсіптік-тәжірибелік байыту фабрикаларын құратынын айтқан.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 29 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту