Қазақстанда әлеуметтік инспектор лауазымы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

«Литвада Әлеуметтік қадағалау департаменті жұмыс істейді. Осы тәжірибені ескере отырып, болашақта Қазақстанда әлеуметтік инспектор институтын құру туралы ұсыныс жасалды», - деді ол.

Онң сөзіне қарағанда, әлеуметтік инспектор лауазымы мемлекеттік еңбек инспекторына ұқсас болмақ. Жалпы, вице-министрдің айтуынша, «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік қызметтер барлық мемлекеттік органдар тарапынан көрсетіледі.

«Бұл бақылау шағын өз саласында ғана қамтылады. Әлеуметтік инспектор көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің құзыреттілігін, қамтылуын және тиімділігін толығымен қарауы тиіс», - деді С.Жақыпова.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту