Қазақстан нарығындағы жоғары октанды жанар-жағар майына қатысты жағдай жақында тұрақталады, деп мәлімдеді  ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумында  ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин.

«Ресеймен келісімшарттар жасастық. Жанар-жағар майды тасымалдау қыркүйек айынан басталды.  Мұны оң бағыт алған нарықтағы жағдайдан да көруге болады. Тапшылық бұрын болған, әлі де байқалуда. Шамамен 30 пайыз. Оны Ресей есебінен жабуымыз қажет. Бастысы мұнай өнімдері Ресейден тасымалдана бастады», - деді Ұзақбай Қарабалин.

Сонымен қатар, Қарабалиннің сөзіне қарағанда,  жанар-жағар майдың құны әзірге өзгеріссіз қалады.  

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту