Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1036 қаулысы

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1036 қаулысымен бекітілген


Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы


1. Жалпы ережелер

1. Осы Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген және технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) грант – технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге арналған инновациялық грант;
2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған өтініш беруші;
3) инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
4) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) ұлттық институт – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
8) өнеркәсіптік зерттеулер – жүзеге асыратын өндірістік процестерді және (немесе) шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтің сипаттамаларын жақсарту мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері жүргізетін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
9) өнеркәсіптік меншiк объектiсi – өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер;
10) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
11) өтініш беруші – ұлттық институтқа грант алуға өтінімді берген, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға;
12) технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені.
3. Гранттар өтініш берушілерге индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес инновациялық гранттарды берудің басым бағыттары шеңберінде ұсынылады.
4. Гранттарды алуға өтініш берушілер өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.
5. Таратылу процесіндегі дәрменсіз (банкротқа ұшыраған) деп танылған, мүлкі тәркіленген және (немесе) экономикалық қызметі тоқтап тұрған заңды тұлғалар, көрсетілген заңды тұлғалардың иелері мен бірінші басшылары, дәрменсіз деп танылған және мүлкі тәркіленген жеке тұлғалар гранттарды алуға өтініш берушілер болып табылмайды.
6. Ұлттық институттың еншілес ұйымдары гранттарды алуға өтініш берушілер болып табылмайды.
7. Гранттар беру саласындағы ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт жүзеге асырады, сондай-ақ оның еншілес ұйымдары жүзеге асыра алады.
8. Өтініш берушілер – жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде тіркелуі және Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы есеп шоты болуы тиіс.
9. Гранттарды беруді осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруге көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
10. Гранттарды беру кезінде осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, тәуелсіз сараптама жүргізіледі.
11. Өтініш берушінің осы Қағидаларда көзделген гранттың бір түріне өтінім беруі оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамада қарастырылған өзге инновациялық гранттарды алуға ұмтылысын шектемейді.

2. Гранттар берудің тәртібі мен шарттары
Гранттар берудің жалпы рәсімдері

12. Ұлттық институт ресми бұқаралық ақпарат құралдарында грант алуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жариялайды, Қазақстан Республикасының Үкіметі гранттар берудің басым бағыттарын бекіткеннен кейін байланысатын адамдарды көрсете отырып, өтінім қабылдаудың шарттары, мерзімі мен тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган мен ұлттық институттың ресми интернет-сайтына орналастырады.
13. Ұлттық институт жыл сайын, тиісті жылдың бірінші тоқсаны ішінде осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген хабарландыруды ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, өтінім қабылдаудың шарттары мен тәртібін байланысатын адамдарды көрсете отырып, уәкілетті орган мен ұлттық институттың ресми интернет-сайтына орналастырады.
14. Гранттар алуға өтінім қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылады.
15. Уәкілетті органмен тиісті қаржылық жылға жасалған шартқа сәйкес ұлттық институттың есеп беруіне дейін 10 (он) жұмыс күні қалғанда ұлттық институт өтінімдерді қарастыруды тоқтатады. Бұл ретте өтінімдерді қарастыру рәсімі уәкілетті орган мен ұлттық институт арасындағы келесі қаржылық жылға арналған шартты қайта тіркеу немесе жасау күнінен бастап қайта жаңғыртылады.
16. Егер уәкілетті орган мен ұлттық институт арасындағы келесі қаржылық жылға арналған шарт қайта тіркелген немесе жасалған күніне дейін осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қарастыру рәсімі тоқтатылған өтінім тіркелген сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен жағдайда ұлттық институт уәкілетті органмен шарт қайта тіркелгеннен немесе жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге грант түріне байланысты осыдан бұрын қабылданған өтінімі бойынша осы Қағидалардың 18-тармағында және 19, 20, 21, 22-тармақтарында көрсетілген құжаттарды өзектілендіру туралы жазбаша хабарламаны пошта бойынша және өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасының мекенжайына (бар болған жағдайда) жібереді. Өтінімді қарастыру рәсімі өтініш беруші өзектілендірілген өтінімді ұсынған сәттен бастап жаңғыртылады. Бұл ретте өзектілендірілген өтінімді енгізу мерзімі шектелмеген.
17. Грант беру рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ұлттық институттың өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың талаптарына және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
2) ұлттық институттың өтінімдерді тәуелсіз сараптамадан өткізуді ұйымдастыруы;
3) ұлттық институттың өтінім бойынша мәлімделген шығындардың негізділігін тексеруі;
4) ұлттық институттың грантты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы;
5) ұлттық институттың грант алушымен инновациялық грант беру туралы шарт жасасуы.
18. Грант алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант алуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба паспорты;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспардың жобасы;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы;
6) заңды тұлғалар үшін – салық төлеушінің салықтық берешегінің және төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім беру күнінің алдындағы үш айдан артық жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
жеке тұлғалар үшін – салық төлеушінің салықтық берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
7) өтінім беру күнінің алдындағы үш айдан артық банк алдында берешегінің жоқтығы туралы банк (банктердің) басшысының немесе оның орынбасарының қолы мен банк мөрімен куәландырылған банк (банктердің) анықтамасының түпнұсқасы (егер өтініш беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
8) өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі салыстыра тексерілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
9) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес соңғы 2 (екі) жылдағы қаржылық есептілігінің көшірмесі, егер заңды тұлға 2 (екі) жылдан кем қызмет етсе, соңғы жылдағы қаржылық есебі ұсынылады;
10) заңды тұлғалар үшін – өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен жарғының түпнұсқасы және көшірмелері, салыстыра тексерілгеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
11) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының тағайындалуы/сайлануы туралы құжаттың көшірмесі;
12) заңды/жеке тұлғалар үшін – басшы болып табылмайтын тұлғаға өтінім беру, қол қою және инновациялық грант беру туралы шартқа қол қою құқықтары берілген құжат;
13) жеке тұлғалар үшін – өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда жеке куәлігінің, әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің түпнұсқалары мен көшірмелері, салыстыра тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жеке куәлігінің не паспорттың, әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
14) өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындау (болған жағдайда) біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындау біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындау (бар болған жағдайда) біліктілігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
19. Технологиялады сатып алуға грантқа үміткер өтініш беруші ұлттық институтқа осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) технологияларды сатып алуға және (немесе) оны қолдануға құқық иеленушінің келісімін растайтын құжаттар;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша бизнес-жоспар.
20. Өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге грантқа үміткер өтініш беруші ұлттық институтқа осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 18 (он сегіз) айға өнеркәсіптік зерттеулер жүргізу бағдарламасы;
2) өтініш берушінің ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғамен ынтымақтастық ниетін растайтын құжат. Бұл ретте егер өтініш беруші ғылыми-техникалық қызметті жүргізетін шетелдік заңды тұлғаны тартса, ғылыми-техникалық қызметті жүргізетін шетелдік заңды тұлғаның ғылыми-техникалық қызметті жүргізетін отандық заңды тұлғамен ынтымақтастығын растайтын қосымша құжат қажет.
21. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға грантқа үміткер өтініш беруші ұлттық институтқа осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары;
2) өнеркәсіптік меншік нысанының қорғау құжаты және (немесе) өтініш берушінің өнеркәсіптік меншік нысанын пайдалану құқығын растайтын құжат;
3) селекциялық жетістіктерге патент (бар болған жағдайда);
4) интегралдық микросхема топологиясы (бар болған жағдайда).
22. Шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грантқа үміткер өтініш беруші ұлттық институтқа осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) патент қабілеттілігіне алдын ала іздеу есебі мен өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік монополия саласында қызмет ететін (өнеркәсіптік меншік нысанының қорғау саласында қызмет көрсету) Қазақстан Республикасындағы сараптамалық ұйымдарды (бұдан әрі – Сараптамалық ұйым) алдын ала іздестіру нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды;
2) өтінімді мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің болуы тұрғысынан тексеру туралы Сараптамалық ұйымның анықтамасы;
3) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салынып отырған шетелдік және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеу қажеттілігі туралы өтініш берушінің негіздемесі;
4) тиісті грант алуға патенттік кооперация туралы шартқа (РСТ) сәйкес халықаралық алдын ала сараптаманың қорытындысы (бар болған жағдайда);
5) шетелдік патенттік ведомство және (немесе) өңірлік патенттік ұйым берген және тиісті грант алуға өтінім берілгенге дейін 12 (он екі) айдан кешіктірмей алынған өнеркәсіптік меншік нысанына патент (бар болған жағдайда).
23. Грант алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз тасығышта 4 (төрт) данада – түпнұсқа бір данада және көшірмелер үш данада және электрондық тасығышта (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) ұсынылады. Бұл ретте осы Қағидалардың 18-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында, сондай-ақ 19, 20, 21, 22-тармақтарында көрсетілген құжаттар ағылшын тілінде электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) ұсынылады.
54. Грант алуға өтінім материалдары бірыңғай бумаға жинақталған, беттері нөмірленген және осы Қағидалардың талаптарына және олардың қосымшаларына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген болуы қажет. Өтінімнің барлық материалдары жобаны іске асыру кезеңінде жарамды және өтініш берушіге қайтарылмайды.
25. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және сенімділігін қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған мәліметтердің көздері және есеп жүргізілген күні көрсетіледі.
26. Ұлттық институт өтініш берушінің жазбаша келісімінсіз өтінім туралы гранттар беру процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғаларға ақпараттың жария болмауын қамтамасыз етеді.
27. Ұлттық институт қабылдаған өтінімдер тіркеуге және тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде гранттар берудің басым бағыттарына, мәлімделген грант түрінің мазмұнына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарастыруға жатады.
28. Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда өтінімді тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіге пошта арқылы және өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасына (бар болған жағдайда) сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Бұл ретте өтінімдердің түпнұсқаларын ұлттық институт өтініш берушіге пошта арқылы жібереді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоя алады және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін өтінімді қайта ұсына алады. Егер өтініш беруші ұлттық институт анықтаған сәйкессіздіктерді жоймай, өтінімді қайта ұсынған жағдайда өтінім ағымдағы жылы өтінімді одан әрі ұсыну құқығынсыз қарастырудан бас тартылады.
29. Қабылданған өтінімдер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда тіркеу күнінен бастап немесе пысықталған өтінімді алған күнінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтінім материалдарын (өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) жібереді.
30. Өтінімді алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тәуелсіз сарапшылар ұлттық институтқа қағаз тасығышта немесе электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) өтінім бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынады.
31. Ұлттық институт тәуелсіз сараптаманың оң қорытындысын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өтінімі бойынша мәлімделген шығындардың негіздемесін тексереді.
Шығындар негіздемесін тексеру ұсынылған шығындар сметасы негізінде жүзеге асырылады және құны мен мәлімделген шығындардың қажеттілігін талдаудан тұрады.
32. Өтінімдер бойынша мәлімделген шығындар негіздемесі тексерілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұлттық институт грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
33. Ұлттық институт инновациялық гранттар беру туралы шешімді тәуелсіз сараптаманың оң қорытындылары және мәлімделген шығындар негіздемесі негізінде қабылдайды.
34. Ұлттық институт мынадай жағдайлардың бірі:
1) тәуелсіз сараптаманың теріс қорытындысы;
2) мәлімделген шығындардың негізсіздігі;
3) өтініш беруші сенімді емес ақпарат ұсынуы орын алған кезде грант беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
35. Грант беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіге шешімнің үзіндісі қоса берілген грант беруден бас тарту туралы негіздемені жібереді.
36. Грант беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім оны қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде грант алушылардың тізімі және грант алмайтын өтініш берушілердің тізімі уәкілетті органның және ұлттық институттың ресми интернет-сайтында жарияланады.
37. Ұлттық институт грант беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде грант алушылармен жобаны іске асыру мерзімін өзектендіреді және ұлттық институт бекіткен нысан бойынша инновациялық грант беру туралы шарт жасасады.
38.  Инновациялық грант беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
39. Егер грант беру туралы шарт өтініш берушінің кінәсінен осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мерзімдерде жасалмаған жағдайда ұлттық институт грант беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
40. Жасалған шартқа сәйкес жобаны тиімді бақылау мақсатында ұлттық институт кейіннен уәкілетті органға жарты жылда бір рет есеп жіберу үшін іс-шаралардың іске асырылуына және грант алушы мәлімдеген шығындарға (шығындардың бір бөлігін өтеу кезінде), грант алушының бюджет қаражатын мақсатты игеруіне (шығындардың бір бөлігін төлеу кезінде) тұрақты мониторинг жүргізеді.
41. Шығындардың бір бөлігін төлеу түрінде ұсынылатын грант қаражатын оның мақсатты қолданысына және белгіленген тәртіппен бекітілген шығындар сметасына қатаң сәйкестікте пайдалану грант беру туралы шарттың негізгі шарты болып табылады.
Грант түрінде ұсынылған бюджет қаражаты ұсынылған қаражатты бекітілген шығындар сметасында көзделмеген мақсатқа пайдаланған жағдайда, ол республикалық бюджетке толығымен қайтаруға жатады.
Технологиялар сатып алуға гранттар беру талаптары
42. Технологияларды сатып алуға грант заңды тұлғаларға лицензияны және (немесе) технологияны пайдалану құқығына патент сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде беріледі.
43. Шығындардың бір бөлігі өтелген жағдайда технологияларды сатып алуға грант сомасы: лицензияны және (немесе) патентті сатып алуға мәлімделген қаражаттың 50 (елу) пайызын құрайды, бірақ 150 (бір жүз елу) миллион теңгеден аспайды.
44.  Шығындардың бір бөлігін өтеу технологияны енгізу фактісі бойынша жүзеге асырылады. Технологияны сатып алу және енгізу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есепті және енгізу актісін ұсынған жағдайда технология енгізілген болып есептеледі.
45. Технологияларды сатып алу мен енгізу мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы қажет.
Өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге гранттар беру шарттары
46.  Өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарына арналған грант Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан басқа (бұдан әрі – ғылыми-техникалық ұйым), жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғаларға беріледі.
Өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге өтініш беруші отандық және (немесе) шетелдік ғылыми-техникалық ұйымдарды тарту қажет.
Өтініш беруші өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге шетелдік ғылыми-техникалық ұйымдарды олардың отандық ғылыми-техникалық ұйымдармен міндетті ынтымақтастық шарты болған жағдайда тарта алады.
47. Өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған грант өтініш берушілерге отандық және (немесе) шетелдік ғылыми-техникалық ұйымдар қызметіне жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде беріледі.
48. Өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған гранттың жалпы сомасы мәлімделген қаражаттың 40 (қырық) пайызын құрайды, бірақ 30 (отыз) миллион теңгеден аспайды, оның ішінде:
1) өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті реактивтер, шығын материалдары мен зертхана жабдықтарын сатып алуға – 70 (жетпіс) пайыз, бірақ 20 (жиырма) миллион теңгеден аспайды;
2) отандық және (немесе) шетелдік ғылыми-техникалық ұйым қызметкерлерінің еңбекақы қорына – 30 (отыз) пайыз, бірақ 3 (үш) миллион теңгеден аспайды;
3) үстеме шығындарға –15 (он бес) пайыз, бірақ 2 (екі) миллион теңгеден аспайды;
4) өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажет басқа да негізделген шығындар – 30 (отыз) пайыз, бірақ 5 (бес) миллион теңгеден аспайды.
49. Шығындардың бір бөлігін өтеу күнтізбелік жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.
50. Өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған грантты игеру мерзімі 20 (жиырма) айдан аспауы тиіс.

Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға грант беру шарттары

51. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға грант мынадай:
1) өнеркәсіптік меншік нысанына қорғау құжаты және (немесе) өтініш берушінің өнеркәсіптік меншік нысанын пайдалану құқығын растайтын құжаты бар;
2) селекциялық жетістіктерге патенті бар (бар болса);
3) интегралдық микросхема топологиясына ие (бар болса);
4) қызметін Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын өтініш берушілерге беріледі.
52. Жоғары технологиялы өнім өндірісіне арналған грант Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тізбеге сәйкес беріледі.
53. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға бөлінетін гранттың жалпы сомасы шығындардың бір бөлігін төлеу түрінде беріледі және жобаны іске асыруға мәлімделген қаражаттың 70 (жетпіс) пайызын құрайды, бірақ 50 (елу) миллион теңгеден аспайды, оның ішінде:
1) өнеркәсіптік жабдықты сатып алуға – 70 (жетпіс) пайыз, бірақ 15 (он бес) миллион теңгеден аспайды;
2) өнеркәсіптік алаңдарды жалға алуға – 80 (сексен) пайыз, бірақ 3 (үш) миллион теңгеден аспайды;
3) үстеме шығыстарға –30 (отыз) пайыз, бірақ 2 (екі) миллион теңгеден аспайды;
4) өндірістің қызметіне қажетті басқа да негізделген шығыстарға – 70 (жетпіс) пайыз, бірақ 30 (отыз) миллион теңгеден аспайды.
54. Шығындардың бір бөлігін төлеу күнтізбелік жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.
55. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға бөлінетін грантты игеру мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы қажет.
56. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға грантты игеру нәтижесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тізбеге сәйкес жоғары технологиялы өнім өндірісі болып табылады.

Шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант беру шарттары

57. Шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнеркәсіптік меншік нысанына патент алу құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беріледі.
58. Шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант шығындардың бөлігін төлеу түрінде:
1) халықаралық өтінім беруге, халықаралық іздеу жұмыстары мен Патенттік кооперация туралы шартқа (РСТ) сәйкес халықаралық іздеу органында халықаралық алдын ала сараптаманы жүргізуге (бұдан әрі – халықаралық өтінім);
2) сұрау салынатын елдерде өнеркәсіптік меншік нысанына патент алуға;
3) өнеркәсіптік меншік нысанына патент берілген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде 3-тен (үштен) артық емес шет елдерде өнеркәсіптік меншік нысанына патентті күшінде ұстап тұруға беріледі.
59. Өтініш берушіде халықаралық өтінім бойынша халықаралық алдын ала сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда өтініш беруші өнеркәсіптік меншік нысанына шет мемлекеттерде патент алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім бере алады.
60. Өтініш берушіде шет елдерде өнеркәсіптік меншік нысанына патент болған жағдайда өтініш беруші өнеркәсіптік меншік нысанына патент берілген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде 3-тен (үштен) артық емес шет елдерде патентті күшінде ұстап тұруға өтінім бере алады.
61. Шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге гранттың жалпы сомасы:
1) халықаралық өтінім беруге – мәлімделген қаражаттың 95 (тоқсан бес) пайызы, бірақ 750 000 (жеті жүз елу мың) теңгеден аспайды;
2) өнеркәсіптік меншік нысанын шет елдерде патенттеуге – мәлімделген қаражаттың 95 (тоқсан бес) пайызы, бірақ 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;
3) өнеркәсіптік меншік нысанына патент берілген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде 3-тен (үштен) артық емес шет елдерде өнеркәсіптік меншік нысанына патентті күшінде ұстап тұруға – мәлімделген қаражаттың 90 (тоқсан) пайызы, 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.
62. Халықаралық өтінім беруге ұсынылған қаражатты игеру нәтижесі Патенттік ұйым туралы шартқа (PCT) сәйкес халықаралық алдын ала сараптама қорытындысы болып табылады. Патенттік ұйым туралы шартқа (PCT) сәйкес халықаралық алдын ала сараптама қорытындысын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұлттық институтқа оның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.
63. Өтініш берушінің шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грантты игеру нәтижесі өнеркәсіптік меншік нысанына патент немесе шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуден бас тарту туралы шешім болып табылады.
64. Өтініш берушінің өнеркәсіптік меншік нысанына патент берілген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде 3-тен (үштен) артық емес шет елдерде өнеркәсіптік меншік нысанына патентті күшінде ұстап тұруға арналған грантты алудың нәтижесі патент қолдайтын шет елдің тиісті уәкілетті органының жыл сайынғы ақпараты болып табылады.

Өтінімдердің тәуелсіз сараптамасы

65. Ұлттық институт тәуелсіз сараптаманы жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
66. Тәуелсіз сараптама жобаны орындау орындылығының бағасы болып табылады. Тәуелсіз сарапшы ретінде отандық және шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар әрекет ете алады.
67. Өтінімдерді бағалауға тартылатын тәуелсіз отандық және шетелдік сарапшылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін мынадай жалпы біліктілік талаптары қойылады:
1) сарапшы ретінде әрекет етуі көзделіп отырған білім саласында кемінде 10 (он) жыл практикалық тәжірибесінің болуы;
2) ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге және (немесе) индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асыруға қатысу тәжірибесінің болуы.
68. Өтінім сараптамасына тартылатын тәуелсіз сарапшыларға осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген жалпы біліктілік талаптарымен қатар гранттың түріне байланысты қосымша біліктілік талаптары қойылады:
1) өндірістік зерттеу жұмыстарын жүргізуге, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант алу үшін:
ғылыми дәрежесінің болуы (ғылым кандидаты/ғылым докторы, Ph.D);
тиісті сала бойынша ғылыми және әдістемелік жарияланымдары мен ұсынымдарының болуы;
2) технологияларды сатып алуға және бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялыққ өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға грант алу үшін:
жобаларды инвестициялық бағалаумен байланысты жұмыстарда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
69. Отандық және шетелдік сарапшылардың жобалардың тәуелсіз сараптамасын қамтамасыз етуі бойынша қызметтерді көрсетуге тартылатын заңды тұлғалар үшін мынадай талаптар қойылады:
1) сараптамалық ұйым ретінде әрекет етуі көзделіп отырған салада немесе экономика аясындағы сараптамалық қызметтер көрсету нарығында кемінде 1 (бір) жыл еңбек өтілінің болуы;
2) тәуелсіз сарапшы ретінде әрекет етуі көзделіп отырған салада немесе экономика аясында тәуелсіз сараптама үшін тартылатын, осы Қағидалардың 67 және 68-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін кемінде 10 (он) отандық сарапшылар тобының болуы;
3) тәуелсіз сарапшы ретінде әрекет етуі көзделіп отырған салада немесе экономика аясында тәуелсіз сараптама үшін тартылатын, осы Қағидалардың 67 және 68-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін растайтын құжаттары мен түйіндемесі қоса берілген кемінде 5 (бес) шетелдік сарапшылар тобының болуы.
70. Өтінімнің тәуелсіз сараптамасын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тартылған жағдайда әрбір сарапшымен ұлттық институт сараптамалық қызмет көрсету туралы шарт жасасады. Сараптамалық қызметтер көрсету туралы үлгілік шартты ұлттық институт бекітеді.
71. Тәуелсіз сараптаманы өткізу тәртібін, оған қоса тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу шарттарын, сараптамалық қорытынды нысанын ұлттық институт бекітеді.
72. Өтінімдердің тәуелсіз сараптамасы гранттың түріне байланысты мыналардан тұрады, бірақ онымен шектелмейді:
1) технологияны сатып алуға – өндіріске енгізу кезіндегі технологиялық іске асырылуы, болашақта ескірген немесе перспективалы емес технологияларды сатып алуды алдын алу үшін мәлімделген технология өзектілігін бағалау, қолданылатын технологияның 10 (он) жыл мерзімдегі өзектілігі, мәлімделген технология өлшемдерінің жоба тақырыбына сәйкестігі, мәлімделген технология құнын бағалау;
2) өндірістік зерттеу жұмыстарын жүргізуге – өтініш берушінің мақсаттары мен зерттеу жұмыстарының мәлімделген тақырыбының сәйкестігін тексеру, жобаның іске асырылуы, зерттеу өзектілігі;
3) бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға – жобаның болжамды құрамдас бөліктерінің негізделігі, болашақта ескірген және перспективалы емес технологиялардың трансфертін алдын алу, жобаның маркетингтік құрауышын бағалау;
4) шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге – мәлімделген бір немесе бірнеше мемлекеттердегі және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеудің қажеттілігін бағалау, мәлімделген өндірістік меншік нысанының өзектілігі және перспективалылығы.
73. Егер өтінім тәуелсіз сарапшылардың бірінен теріс қорытынды алған жағдайда өтінім тәуелсіз сараптама кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
74. Өтінімді алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тәуелсіз сарапшылар ұлттық институтқа қағаз және электронды тасығыштарда (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) өтінім бойынша сараптамалық қорытынды ұсынады.

Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік ерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына 1-қосымша

 
Тіркелген күні:
20____жылғы «____»_________    Өтінім нөмірі: _________
       


Грант алуға арналған
ӨТІНІШ
       
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, Т.А.Ә.)
1) технологияларды сатып алуға;
2) өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге;
3) шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге;
4) бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға
__________________________________________________________________
грант түрлерін көрсету қажет (қажеттісінің астын сызыңыз)       
грант алу үшін қажетті құжаттар пакетімен осы өтінішті жіберіп отыр.       
Ұсынылатын жобаның тақырыбы:
______________________________________________________________________________________________________________________________________       
Жобаның толық құны, теңгемен (санмен және жазбаша көрсету):____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
       
Гранттың сұралған сомасы, теңгемен (санмен және жазбаша көрсету):______________________________________________________________________________________________________________________________       
           
Жобаның мазмұны, мерзімдердің негіздемесі және құны қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
Қағидаларға сәйкес талап етілетін құжаттар ___ парақта қоса берілген.       
       
           
_______________________
_______________________
(өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қою үшін өкілеттігі бар адамның лауазымы)    _______________________
_______________________
_______________________
 Т.А.Ә., қолы
       
           
Құжаттарды алғаны туралы белгі        
Алынған күні: 20__ жылғы «___»________________
Өтінімнің тіркеу нөмірі _________________
Тіркеуші___________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Ескертпе: ұйым бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қояды.
_______________________________
    
Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік ерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына 2-қосымша
 ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ САУАЛНАМАСЫ
(заңды тұлға үшін)
 ____________________________________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және меншік түрі: ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Тіркеу күні:_______________________________________________________
Мекенжайы: ______________________________________________________
индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй (пәтер, кеңсе):______________________________________________________________________________________________________________________________
Тел.: ____________________________ Факс: ___________________________
E-mail: ________________________ Web-site:___________________________
Банктік деректемелер, есеп шот, валюталық шот, банктік жеке код, салық төлеушінің тіркеу нөмірі:_____________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
Теңгемен және валютамен алынған және өтелмеген кредиттер: ___________________________________________________________________________________________________________________________________
Қызмет түрі:_______________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
сала, кіші сала: _____________________________________________________

Ғылыми-зерттеу және кадрлық әлеуеті:
а) соңғы үш жылдағы жобаның тақырыбы бойынша маңызды жұмыстар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________
б) қызметкерлердің нақты саны: ____________________, оның ішінде ғылыми қызметкерлер және (немесе) инженерлік-техникалық қызметкерлер __________, әкімшілік-басқарушы персонал ____________________, жұмысшылар мен қызметкерлер _______________________.

Бірінші басшы (Т.А.Ә., туған жылы, лауазымы, пошталық мекенжайы және жұмыс телефонының нөмірі, білімі, ғылыми дәрежесі):____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жоба жетекшісі (Т.А.Ә., туған жылы, лауазымы, пошталық мекенжайы және жұмыс телефонының нөмірі, білімі, ғылыми дәрежесі): ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Бас бухгалтер (Т.А.Ә., телефоны):____________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Байланыс жасайтын тұлға (Т.А.Ә., телефоны, ұялы телефоны, мекенжайы):_________________________________________________________________________________________________________________________
Ұйым басшысының қолы:________________________________
ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ САУАЛНАМАСЫ
 (жеке тұлға үшін)
 
Тегі, аты, әкесінің аты:______________________________________________
__________________________________________________________________

Туған жылы: :_____________________________________________________
__________________________________________________________________
Білімі: :___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (атағы:____________________________________________
__________________________________________________________________
Жеке басының куәлігі немесе паспорты (нөмірі және кім берді):___________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекенжайы: :_____________________________________________________
__________________________________________________________________
Индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер

Жұмыс орны және лауазымы: ________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қызмет тел.:_____________________Үй тел.:___________________________
Ұялы тел.: ____________________Факс: ______________________________
E-mail: :__________________________________________________________

Ғылыми-зерттеу жұмыс тәжірибесі:
а) соңғы үш жылдағы жобаның тақырыбы бойынша маңызды жұмыстар:
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ғылыми ұйымның немесе кәсіпорынның өз ғылыми-техникалық және өндірістік базасын ұсыну туралы міндеттемесінің болуы:_________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Банктік деректемелер, есеп шот, валюталық шот, салық төлеушінің тіркеу нөмірі:____________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 
Қолы ________________

Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік ерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына  3-қосымша
ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ
1._________________________________________________________________
жобаның атауы
_________________________________________________________________
2. Жобаның және оның мақсаттарының жаңашылдығын, бірегейлігін, жоба нәтижелерін нақты қолдануды, пайдалану перспективаларын және басқаларды қамтитын сипаттамасы:
_________________________________________________________________

3. Жобаның нәтижесі: патент, басқа құжаттама; зертханалық/тәжірибелік үлгі, технология, бұйымдардың, тораптардың және агрегаттардың прототиптері; сервистік және өзге де қызметтер (қажеттісінің астын сызыңыз); басқасы (көрсетіңіз):
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Қолдану саласы: ____________________________________________________________________________________________________________________________________

5. Жобаның сипаттамасы (қажеттісінің астын сызыңыз): жаңа өнімді, қызметті, технологияны жасау, басқалары (көрсетіңіз):
____________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Жобаның негізгі техникалық шешімдерін патенттік қорғау (қажеттісінің астын сызыңыз): талап етіледі, талап етілмейді, патенті бар, құқықтық қорғанышы бар.

7. Жобаның дайындық дәрежесі (қажеттісінің астын сызыңыз): жобаның идеясы, ғылыми-техникалық құжаттама, тәжірибелік үлгі, конструкторлық құжаттама, өндіріске беруге дайындығы, басқасы (көрсетіңіз):__________________________________________________________________________________________________________________________

8. Жобаның нәтижелерін сатып алу ниеті туралы шарттар/хаттамалар бар ма (ия, жоқ)

9. Жұмыстардың толық құны, теңгемен (санмен және жазбаша): __________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________

10. Талап етілетін қаржыландыру, теңгемен (санмен және жазбаша): __________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Жобаны қаржыландыру көздері (жеке қаражат, қарыз қаражаты, басқа ұйымдардың гранттары) және қандай көлемде: __________________________________________________________________
__________________________________________________________________

12. Салалық, өңірлік және республикалық деңгейде жобаны қолдау туралы ақпарат (нөмірі, күні және атауы)______________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________

13. Жобаны іске асыру мерзімі (ай):____________________________________

14. Жоба жетекшісі (Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі, қолы): __________________________________________________________________

Өтініш беруші ұйымның басшысы (жеке тұлға)
 ______________________ ______________________
 (Т.А.Ә.) (қолы)

Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік ерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына  4-қосымша

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР ЖОБАСЫ
 
Жобаның атауы: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 
 
Р/с

    Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы    Жұмыстарды орындау мерзімі (айлар)    Кезеңнің есеп айырысу бағасы (теңге)    Есептілік нысаны мен түрі       
1    2    3    4    5       
                         
 
Жоба жетекшісі: ______________________ _________________
 (қолы)(Т.А.Ә.)

Өтініш беруші ұйымның басшысы (жеке тұлға)
_______________________ _________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік ерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына 5-қосымша
ШЫҒЫСТАР СМЕТАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Жобаның атауы____________________________________________________
__________________________________________________________________

 
Жұмыстыорындауғажұмсалатыншығындар     Шығындарсомасытеңге     Жұмыстардың кезеңдері       
          1    2    3       
Шығындар - БАРЛЫҒЫ:                           
оның ішінде баптар бойынша -                           
                       
                       
                       
                       
Анықтама үшін: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар - БАРЛЫҒЫ:                           
оның ішінде:                           
- жеке қаражат                           
- өзгелері (қандай екенін көрсету керек)                        
 
Жоба жетекшісі: ______________________ _________________
 (қолы) (Т.А.Ә.)    

Өтініш беруші ұйымның басшысы (жеке тұлға)
__________________________ _________________
 (қолы) (Т.А.Ә.)
Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік ерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымша
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Бизнес-жоспардың бастапқы сандары расталған және бизнес-жоспарда ұсынылған мәліметтердің толық сипаттамасы болуы қажет. Оларға:
кәсіпорын немесе жоба басшыларының құзыреттері мен тәжірибелерін растайтын өмірбаяны;
маркетингтік зерттеу нәтижелері;
аудиторлардың қорытындылары;
өнім үлгілерінің суреттері немесе бейнеролигі (электрондық нұсқада);
өнімнің толық техникалық сипаттамасы;
кәсіпорын жоспары;
кепілдік хаттар немесе өнім жабдықтаушылары мен тұтынушыларының келісімшарттары;
жалға алу, жалға беру шарттары, лицензиялық келісімшарттар;
кәсіпорын қызметі туралы газеттер мен журналдардан мақалалар жатқызылуы мүмкін.
1. Жалпы ережелер.
1.1. Жобаның сипаттамасы
1.2. Жобаның мақсаттары мен міндеттері
2. Кәсіпорын сипаттамасы
3. Жобаның өндірістік технологиялық бөлімі
3.1. Өнімнің/қызмет көрсетудің сипаттамасы
3.2. Аналогтар сипаттамасы
3.3. Өнім сапасын бақылау
3.4. Шикізат пен жабдықтаушылар сипаттамасы
3.5. Өндірістік алаңның сипаттамасы
3.6. Бар ресурстар мен жабдықтар
3.7. Қажет ресурстар мен жабдықтар
4. Нарық талдауы
4.1. Нарық, әлеует, үрдістер мен даму серпінінің жалпы сипаттамасы
4.2. Негізгі сегменттер
4.3. Сұраныс пен ұсыныс
4.4. Нысаналы аудитория/тұтынушылар
4.5. Негізгі бесекелестер мен бәсеке факторлары
5. Тәуекелдерді талдау
5.1. Негізгі техникалық тәуекел
5.2. Қаржылық тәуекел
5.3. Өндірістік тәуекел
5.4. Сатылымды ұйымдастыру кезіндегі тәуекелдер
5.5. Басқа да тәуекелдер
6. SWOT талдау
7. Бизнес модель (нарыққа кіру, маркетинг, сатылым, жобадан шығу және т.б.)
8. Жоба шығындары
8.1. Коммерциялық және басқарушылық шығындар
8.2. Негізгі қаражат және жөндеу жұмыстары
8.2.1. Ғимаратты жөндеу жұмыстары
8.2.2. Көлік құралдары
8.2.3. Жабдықтар
8.2.4. Өзге материалдық және материалдық емес активтер
8.3. Айналым қаражаты
8.4. Еңбек ақы төлеу қоры және қызметкерлер шығындары
8.5. Басқа да шығындар
8.5.1. Энергиямен қамтамасыз ету
8.5.2. Материалдар мен жинақтау шығындары
8.5.3. Жалға алу және пайдалану шығындары
8.5.4. Жанар-жағармай шығындары және автокөлік
8.5.5. Жарнама, сатылым және жылжыту шығындары
8.5.6. Басқа да шығындар
8.5.7. Қарастырылмаған шығындар
9. Баға белгілеу
10. Ұйымдастырушылық-штаттық құрылым мен қызметкерлер
11. Өндірістік бағдарлама – өндіріс көлімнің серпіні
12. Сатылым жоспары – өнім/ қызмет көрсету сатылымының серпіні
13. Қаржылық жоспар
13.1. Капиталдық салымдар бағдарламасы
13.2. Жобаны қаржыландырудың болжамалы табыс көзі
13.3. Салық тізімі мен жеңілдіктер сипаттамасы
13.4. Инвестициялық шығындар мен өтеу мерзімі
13.5. Болжамды баланс
13.6. Табыстар және шығыстар туралы есеп
13.7. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
14. Жобаның экономикалық тиімділігі мен өтімділік есебі
14.1. Жобаның экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері
14.2. Залалсыздық
14.3. Пайдалылық
14.4. Жобаның тұрақтылығы мен сезімталдығын бағалау
15. Жоба бойынша жұмыстар жоспары және даму бағдарламасы
16. Қорытынды және тұжырымдар

Өтініш беруші ұйымның басшысы (жеке тұлға)

__________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
 М.О.

Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік ерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына 7-қосымша
Өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізу бағдарламасы
1. Жобаның мақсаты, өзектілігі, жобаны орындау нәтижелері.
2. Жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстың мәні мен мазмұны
Ұсынылған әзірлеме жобасының техникалық мәні егжей-тегжейлі сипатталады (қажет болса жазылғанды суреттермен, схемалармен, диаграммалармен, фотосуреттермен және т.б. көрсету керек). Әзірленетін технологияның, құрылғының, процестің техникалық параметрлерін және негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық тапсырманың жобасын жасауға және негіздеуге мүмкіндік беретін жоба бойынша жұмыстың ғылыми-техникалық мазмұны нақтыланады. Жаңа өнімді және технологияны жасаудың немесе (ұқсас үлгісі бар әзірлеменің түпкілікті объектісі үшін) оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін функционалдық, тұтынушылық, құндық және басқа да көрсеткіштерін жақсартудың алғышарттары қандай жаңашылдықтардың есебінен пайда болатынын көрсету керек. Мәлімделген мақсаттарға қол жеткізген кезде мүмкін болатын техникалық тәуекелдер талқыланады.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ БӨЛІМ
3. Жоба бойынша жұмыс кезеңдері.
Кезеңдер және тұтастай жоба бойынша жұмыс жүргізудің дәйектілігі мен мерзімдері сипатталады және негізделеді. Әрбір кезең бойынша қандай аралық нәтижелер күтілетіні және олар қандай есептілік құжаттармен расталатыны көрсетіледі.
4. Жоба бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
 Жобаны басқа ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде бірлесіп орындаушы ұйымдар (заңды тұлғалар) көрсетіледі. Жоба бойынша жұмыстарды өтініш беруші ұйым мен бірлесіп орындаушы ұйым арасында бөлу қажеттілігі негізделеді. Нақты бірлесіп орындаушы ұйымдарды таңдау неге негізделгендігі көрсетіледі, әрбір бірлесіп орындаушы ұйым туралы қысқаша анықтама беріледі:
ұйымның толық атауы;
заңды және нақты мекенжайы;
ұйым басшысының Т.А.Ә., телефоны.
Жоба бойынша жұмыс процесінде бірлесіп орындаушы ұйымды ауыстыру үшін ұлттық институттың келісімімен ғана жол беріледі.
ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Мынадай шығындар негізделеді:
1.Материалдарды және жинақтауыштарды сатып алу қажеттілігі, олардың номенклатурасы мен бағалары.
2. Жобаға қатысуға бірлесіп орындаушыларды тартудың қажеттілігі және тиісінше аударымдарымен бірге жалақы төлеуге сұралатын қаражат көлемі: жоба бойынша әрбір жұмыс кезеңі бойынша әрбір жұмыскердің функциялары санамалап көрсетілген штаттық кестені, жоба бойынша жұмысқа жұмыскердің тартылу дәрежесі (толық жұмыс уақыты, жартылай қоса атқару), қызметкерлер жалақысы, ғылыми іссапарлар (ғылыми мақсаттағы іссапарлар) көрсетіледі.
3. Бірлесіп орындаушылар сатып алатын жабдық пен материалдарды шамалап көрсетуді қоса алғанда, олар атқарған жұмыстардың құны, сондай-ақ тартылатын персоналдың саны.
 
Ескертпе: Барлық шығыс мәліметтер мен есептеу шамалары үшін оларды алу көздері көрсетілуі тиіс. Бағалық шамалар үшін есеп жүргізілген нақты күні көрсетілуі тиіс.

Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік ерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына 8-қосымша
ПАТЕНТТЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
Өнеркәсіптік меншік нысанын патенттеудің мақсаттарын, мемлекетін, таңдалған мемлекет өзектілігін, белгіленген мемлекеттерде патент алу нәтижесінің Қазақстан Республикасы экономикасына мүмкін әсерін, мәлімделген жаңашылдықты патенттеуге (зерттеуді аяқтау кезеңі, үлгі сынағы және т.б.) дайындығын еркін нысанда көрсету қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1036 қаулысына  қосымша
Күшін жойған Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 338-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қарашадағы № 1837 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 463-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 1, 7-құжат);
4. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 1098 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 780-құжат).

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту