Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «05» тамыздағы № 896 қаулысы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 35) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қоса берiлiп отырған Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары бекiтiлсiн.

2. «Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1185 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 405-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы № 896 қаулысына қосымша

Жарияланды: 11 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту