Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «05» тамыздағы № 905 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 895 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;

көрсетілген қаулымен мақұлданған Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің жобасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы № 905 қаулысына қосымша

               

 

Жарияланды: 11 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту