Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «05» мамырдағы № 274 қаулысы

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы          16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының                                 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін норма мен лимит есептi айдан кейiнгi айдың басына қордың банктiк шотындағы ақшаның инвестицияланбайтын ай сайынғы қалдығы түрінде қорға соңғы күнтізбелік он екі айда түскен соманың 1/12 мөлшерінде, бiрақ 50000000000 (елу миллиард) теңгеден төмен емес болып белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                К. Мәсімов

Жарияланды: 19 мамыр 2016

Мұрағат

Мамыр
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту