Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «30» мамырдағы № 305 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«

9) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілердің көмекшілеріне залалсыздандырғыш заттармен жұмыс істегені үшін   БЛА-дан 30 %  

»;

2) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

реттік нөмірі 3-жолдың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«

7) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел медициналық көмек көрсеткені үшін   БЛА-дан 50 %  

»;

3) көрсетілген қаулыға 12-қосымшада:

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

4. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдарының өтіліне қарай: Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы    
 

3 жылдан астам

5 жылдан астам

10 жылдан астам

15 жылдан астам

20 жылдан астам

 

ЛА-дан 15 %

ЛА-дан 20 %

ЛА-дан 30 %

ЛА-дан 40 %

ЛА-дан 50 %

 

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Жарияланды: 17 маусым 2016

Мұрағат

Маусым
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту