Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «08» қыркүйектегі № 529 қаулысы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары;

2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 08 қыркүйектегі № 529 қаулысына қосымша

Жарияланды: 30 қыркүйек 2016

Мұрағат

Қыркүйек
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту