Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы  №92 қаулысы


 «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешімін іске асыру мақсатында және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (бұдан әрі – шикі қант) (КО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) 2012 жылға арналған көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарлармен сыртқы сауда саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімде бекітілген нысан бойынша тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындарға немесе әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындармен келісімшарт негізінде шикі қант жеткізушілерге рұқсаттар беруді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті белгіленген тәртіппен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қант импортын кедендік декларациялау мен одан кедендік баж алуды:
1) кедендік әкелу бажының нөлдік ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсаттар негізінде;
2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу бажының ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсатсыз жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012жылғы «17» қаңтардағы
№92 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың
кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын
құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі
құрақ қантының (КО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14)
2012 жылға арналған көлемі

 
сэқ тн
коды    Атауы    Көлемі (тонна)       
1701 13 1701 14    Құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қанты    434 736,8    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012жылғы «17» қаңтардағы
№92 қаулысымен
бекітілген

Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі*

 
Р/с
№    Қант өндіретін кәсіпорындардың атауы        
1    «Алматы Қанты» акционерлік қоғамы       
2    «Қант» акционерлік қоғамы       
3    «Алматы Шекері» акционерлік қоғамы       
4    «Мерке қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі     

* Кәсіпорындар тізбесі кәсіпорындарды шикі құрақ қантынан қант өндіретін зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылады:
1) кәсіпорынның шикі құрақ қантын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
2) шикі құрақ қантынан ақ қанттың сериялық өндірісінің болуы;
3) кәсіпорындардың алдағы күнтізбелік жылға арналған жобалық қуаттылығы.

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту