Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы «22» қаңтардағы № 24 қаулысы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қосылу және қайта құру жолымен байқау кеңесін енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
  2. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің«Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып өзгертілсін.
  3. 3. Мыналар:
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып;
  5. кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
  6. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
  7. осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізілуін;
  8. осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта тіркелуін;
  9. осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  10. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат);

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

         «1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

6-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 26 және 27-тармақтармен толықтырылсын:

«26. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы

27. Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы»;

ведомстволардың қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары» деген 5-бөлімде:

1, 2, 3-тармақтар алып тасталсын;

2-қосымшада:

қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

«1. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

6-тармақ алып тасталсын;

2) «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы                           13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,                       2011 ж., № 38, 461-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 130 және 145-2-жолдар алып тасталсын;

реттік нөмірі 145-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

145-3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                                                                                                                         »;

реттік нөмірі 145-4-жол алып тасталсын.

  1. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

Жарияланды: 19 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту