Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр еңбек өнімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және өңдеу өнеркәсібін дамытудың алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Р. Склярдың айтуынша, бүгінде еңбек өнімділігінің одан әрі дамуы үшін ИИДМБ үшінші бесжылдығының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

«Бұл тұжырымдамада біз қазіргі заманның барлық сын-тегеурінін ескеруге тырыстық. Өнімділікті ұлғайта алмайтын кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болмайтыны анық. Бұл үшін не істеу керек? Ол үшін өндірістік процестерді автоматтандырып, цифрландыруды енгізіп, экспортты ұлғайту мақсатында кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларымен ынталандыру қажет», — деді бірінші вице-министр.

Оның айтуынша, жаңа индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірқатар жаңа тетіктер қарастырылады. Өздерінің кәсіпорындарында экспорттық әлеуетті ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті автоматтандыру, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, экологиялық жағдайды жақсартуға және т.б. қатысты бағдарлама ұсынатын кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіледі.

«Үшінші бесжылдық экономиканың жоғары экологиялық салаларында, өңдеу өнеркәсібінде серпілісті болады деп көздеп отырмыз. Жақын арада оның нәтижелерін көреміз», — деп қорытындылады Р. Скляр.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 желтоқсан 2018

Мұрағат

Желтоқсан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту