Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1035 қаулысы


«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 4-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                               К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы
 Yкiметінің
 2012 жылғы «9» тамыздағы
 №1035 қаулысымен
 бекітілген


Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі 11+ Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі 11+ Заң) 4-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген және шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) грант 11+ шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге арналған инновациялық грант;
2) грант алушы 11+ осы Қағидаларға сәйкес грант алған заңды тұлға;
3) инновациялық грант 11+ инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
4) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі 11+ жоба) 11+ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі 11+ уәкілетті орган) 11+ индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) ұлттық институт 11+ технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
7) өтінім 11+ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
8) өтініш беруші 11+ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға арналған өтінімді қарауға ұсынған заңды тұлға.
3. Гранттар өтініш берушілерге индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес Үкімет айқындайтын инновациялық гранттарды берудің басым бағыттары шеңберінде ұсынылады.
4. Ұлттық институттың еншілес ұйымдары гранттарды алуға өтініш берушілер болып табылмайды.
5. Таратылу процесіндегі дәрменсіз (банкротқа ұшыраған) деп танылған, мүлкі тәркіленген және (немесе) экономикалық қызметі тоқтап тұрған заңды тұлғалар, көрсетілген заңды тұлғалардың иелері мен бірінші басшылары, дәрменсіз деп танылған және мүлкі тәркіленген жеке тұлғалар гранттарды алуға өтініш берушілер болып табылмайды.
6. Гранттар беру саласындағы ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт жүзеге асырады, сондай-ақ оның еншілес ұйымдары жүзеге асыра алады.
7. Гранттар беруді осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруге көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
8. Гранттарды беру кезінде осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, тәуелсіз сараптама жүргізіледі.
9. Өтініш берушінің осы Қағидаларда көзделген гранттың бір түріне өтінім беруі оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамада көзделген өзге инновациялық гранттарды алуға ұмтылысын шектемейді.

2. Гранттар берудің тәртібі

 Өтініш берушінің құжаттамасына қойылатын жалпы талаптар

10. Грант алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант алуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспардың жобасы;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы;
5) салық төлеушінің салықтық берешегінің және төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім беру күнінің алдындағы үш айдан артық жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған және салық органының мөрімен куәландырылған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
6) өтінім беру күнінің алдындағы үш айдан артық банк алдында берешегінің жоқтығы туралы банк (банктердің) басшысының немесе оның орынбасарының қолы мен банк мөрімен куәландырылған банк (банктердің) анықтамасының түпнұсқасы (егер өтініш беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, осы анықтама әрбір осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
7) өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі салыстыра тексерілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
8) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес соңғы 2 (екі) жылдағы қаржылық есептілігінің көшірмесі, егер заңды тұлға 2 (екі) жылдан кем қызмет етсе, соңғы жылдағы қаржылық есебі ұсынылады;
9) өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен жарғының түпнұсқасы және көшірмелері салыстыра тексерілгеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы келіп түскен жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
10) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының тағайындалуы/сайлануы туралы құжаттың көшірмесі;
11) бірінші басшы болып табылмайтын тұлғаға өтінім беру, қол қою және грант беру туралы шартқа және грант алумен байланысты өзге құжаттарға қол қою құқықтары берілген құжат.
11. Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім берілген сәттен бастап кейінгі он екі ай мерзімге өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналының біліктілігін арттыру бағдарламасы;
2) алған білім мен дағдыларды кәсіпорында қолдануға байланысты өтініш беруші шетелге біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отырған қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы міндеттемелер жазылған шарт көшірмесі немесе келісімшарт;
3) іссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына дейінгі жолақы құны, біліктілікті арттыру мерзімі ішінде өмір сүру құны бойынша құжаттарды қоса алғанда, біліктілікті арттыру курстарының құнын көрсете отырып, өтініш берушінің біліктілікті арттыру ұйымымен ынтымақтастығын растайтын құжат;
4) өтініш беруші біліктілігін арттыру үшін жіберуді жоспарлап отырған қызметкердің жеке басын куәландыратын кадрлар есебі бойынша жеке іс-парақтың кадр бөлімі куәландырған көшірмесі;
5) инженерлік-техникалық салада біліктілігін арттыруға жіберуі жоспарланып отырған қызметкердің лауазымы мен жұмыс тәжірибесін құжаттамалық растау.
12. Жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жоғары білікті шетелдік маманның инженерлік-техникалық саладағы жоғары кәсіптік білімінің болуын растайтын мәліметтер;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жоғары білікті шетелдік маманның инженерлік-техникалық салада кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер;
3) жоғары білікті шетелдік маманның инженерлік-техникалық салада шетелде соңғы бір жылдағы жалақысының деңгейі өтініш беруші мәлімдеген жалақының кемінде 60 (алпыс) пайызын құрайтынын растайтын құжаттар.
13. Консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер мұндай құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болса, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін лицензиялар, рұқсаттар, өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда салыстыра тексерілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда қызметтің жеке түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдардың ұсынылатын қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын біліктілігі туралы мәліметтер;
3) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдардың қызмет көрсету кезінде штаттық және штаттық емес мамандарының болуын растайтын мәліметтер, олар мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:
жоғары арнайы білімнің болуы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жобаның тиісті саласында зерттеулер саласында кемінде 3 (үш) жыл өндірістік жұмыс тәжірибесі;
4) тартылып отырған консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымның ұқсас қызметтер көрсеткен клиенттерінен кемінде үш ұсыным;
5) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік қызметтер саласында қызметтер көрсететін ұйымның консалтингтік, жобалық және инжинирингтік қызметтер саласындағы қызметтерінің құнын растайтын құжаттар.
14. Басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бойынша қызметтер көрсету саласындағы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу қызметтерін көрсететін ұйымның кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесін растайтын біліктілігі туралы мәліметтер;
2) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу саласында қызметтер көрсететін ұйымда кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі бар тартылып отырған компания басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылған түйіндемелері қоса берілген білікті штаттық және штаттық емес мамандардың болуын растайтын мәліметтер;
3) тартылып отырған ұйымның ұқсас қызметтер көрсеткен клиенттерінен кемінде үш ұсыным;
4) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу саласында қызметтер көрсететін ұйымның басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бойынша қызметтер көрсетуге қызметінің құнын растайтын құжаттар.
15. Грант алуға өтінім материалдары бірыңғай бумаға жинақталған, беттері нөмірленген және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген болуы тиіс. Өтінімнің барлық материалдары жобаны іске асыру кезеңі ішінде жарамды және өтініш берушіге қайтарылмайды.
16. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және сенімділігін қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған мәліметтердің көзі және есепті жүргізу күні көрсетіледі.
17. Ұлттық институт өтініш берушінің жазбаша келісімінсіз өтінім туралы инновациялық гранттар беру процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғаларға ақпараттың жария етілмеуін қамтамасыз етеді.

Гранттар беруді ұйымдастыру тәртібі

18. Ұлттық институт ресми бұқаралық ақпарат құралдарында грант алуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды жариялайды, Қазақстан Республикасының Үкіметі гранттар берудің басым бағыттарын бекіткеннен кейін байланысатын адамдарды көрсете отырып, өтінім қабылдаудың шарттары, мерзімі мен тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган мен ұлттық институттың ресми интернет-сайтына орналастырады.
19. Ұлттық институт жыл сайын, тиісті жылдың бірінші тоқсанында осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген хабарландыруды ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, өтінім қабылдаудың шарттары, мерзімі мен тәртібін байланысатын адамдарды көрсете отырып, уәкілетті орган мен ұлттық институттың ресми интернет-сайтына орналастырады.
20. Гранттар алуға өтінім қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылады.
21. Уәкілетті органмен тиісті қаржылық жылға жасалған шартқа сәйкес ұлттық институттың есеп беруіне дейін 10 (он) жұмыс күні қалғанда ұлттық институт өтінімдерді қарастыруды тоқтатады. Бұл ретте өтінімдерді қарастыру рәсімі уәкілетті орган мен ұлттық институт арасындағы келесі қаржылық жылға арналған шартты қайта тіркеу немесе жасау күнінен бастап қайта жаңғыртылады.
22. Егер уәкілетті орган мен ұлттық институт арасындағы келесі қаржылық жылға арналған шарт қайта тіркелген немесе жасалған күніне дейін осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес қарастыру рәсімі тоқтатылған өтінім тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен жағдайда ұлттық институт уәкілетті органмен шарт қайта тіркелгеннен немесе жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге грант түріне байланысты осыдан бұрын қабылданған өтінім бойынша осы Қағидалардың 10-тармағында және 11, 12, 13, 14-тармақтарында көрсетілген құжаттарды өзектілендіру туралы жазбаша хабарламаны өтініш берушіге пошта арқылы және өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасының мекенжайына (бар болса) жібереді. Өтінімді қарастыру рәсімі өтініш беруші өзектендірілген өтінімді ұсынған сәттен бастап жаңғыртылады. Бұл ретте өзектендірілген өтінімді енгізу мерзімі шектелмеген.
23. Грант беру рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ұлттық институттың өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың талаптарына және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
2) ұлттық институттың өтінімдерді тәуелсіз сараптамадан өткізуді ұйымдастыруы;
3) ұлттық институттың өтінім бойынша мәлімделген шығындардың негізділігін тексеруі;
4) ұлттық институттың грантты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы;
5) ұлттық институттың грант алушымен инновациялық грант беру туралы шарт жасасуы.
24. Грант алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа осы Қағидалардың 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет.
25. Грант алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз тасығышта 4 (төрт) данада 11+ түпнұсқа бір данада және көшірмелер үш данада және электрондық тасығышта (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) ұсынылады. Бұл ретте осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында, сондай-ақ 11, 12, 13, 14-тармақтарында көрсетілген құжаттар ағылшын тілінде электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) ұсынылады.
26. Ұлттық институт қабылдаған өтінімдер тіркелуге және тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде гранттар берудің басым бағыттарына, мәлімделген грант түрінің мазмұнына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастыруға жатады.
27. Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіге пошта арқылы және өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасына (бар болған жағдайда) сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Бұл ретте өтінімдердің түпнұсқаларын ұлттық институт өтініш берушіге пошта арқылы жібереді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоя алады және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін өтінімді қайта ұсына алады. Егер өтініш беруші ұлттық институт анықтаған сәйкессіздіктерді жоймай, өтінімді қайта ұсынған жағдайда ағымдағы жылы өтінімді одан әрі ұсыну құқығынсыз өтінім қарастырудан бас тартылады.
28. Қабылданған өтінімдер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда тіркелген күнінен бастап немесе пысықталған өтінімді алған күнінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтінім материалдарын (өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) жібереді.
29. Өтінімді алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тәуелсіз сарапшылар ұлттық институтқа қағаз тасығышта немесе электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) өтінім бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынады.
30. Ұлттық институт тәуелсіз сараптаманың оң қорытындысын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінім бойынша мәлімделген шығындардың негіздемесін тексереді.
Шығындар негіздемесін тексеру ұсынылған шығындар сметасы негізінде жүзеге асырылады және құны мен мәлімделген шығындардың қажеттілігін талдаудан тұрады.
31. Өтінімдер бойынша мәлімделген шығындар негіздемесі тексерілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұлттық институт грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
32. Ұлттық институт инновациялық гранттар беру туралы шешімді тәуелсіз сараптаманың оң қорытындылары және мәлімделген шығындар негіздемесі негізінде қабылдайды.
33. Ұлттық институт мынадай жағдайлардың бірі:
1) тәуелсіз сараптаманың теріс қорытындысы;
2) мәлімделген шығындардың негізсіздігі;
3) өтініш беруші сенімді емес ақпарат ұсынуы орын алған кезде грант беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
34. Грант беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіге шешімнің үзіндісі қоса берілген грант беруден бас тарту туралы негіздемені жібереді.
35. Грант беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім оны қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде грант алушылардың тізімі және грант алмайтын өтініш берушілердің тізімі уәкілетті органның және ұлттық институттың ресми интернет-сайтында жарияланады.
36. Ұлттық институт грант беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инновациялық грант алушылармен жобаны іске асыру мерзімін өзектендіреді және ұлттық институт бекіткен нысан бойынша инновациялық грант беру туралы шарт жасасады.
37. Инновациялық грант беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
38. Егер инновациялық грант беру туралы шарт өтініш берушінің кінәсінен осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мерзімдерде жасалмаған жағдайда ұлттық институт грант беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
39. Жасалған шартқа сәйкес жобаны тиімді бақылау мақсатында ұлттық институт кейіннен уәкілетті органға жарты жылда бір рет есеп жіберу үшін іс-шаралардың іске асырылуына және мәлімдеген шығындарға тұрақты мониторинг жүргізеді.
40. Грант қаражатын ұсыну бекітілген шығындар сметасына қатаң сәйкестікте грант алушының жұмсалған шығындары бойынша ғана жүргізіледі.

Түрлері бойынша гранттар беру тәртібі

41. Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға грант біліктілікті арттыруға, оқытуға, қайта даярлауға, өндірісті тиімді ұйымдастыру үшін жаңа білімге, дағдыларға және тәжірибеге ие болу мақсатында шетелде инженерлік-техникалық персоналға тағылымдамадан өтуге беріледі.
42. Осы Қағидаларға сәйкес инженерлік-техникалық персоналдың шет елде біліктілігін арттыру жоспарланып отырған ұйымдар деп шетелдік білім беру, ғылыми, ғылыми-өндірістік немесе өндірістік ұйымдар танылады.
43. Өтініш беруші инженерлік-техникалық персоналдың 10 (оннан) артық емес қызметкерлерін көрсетеді, бұл ретте олардың ешқайсысы өтініш беруші ұйымның бірінші басшысы лауазымы қызметінде болмауы тиіс.
44. Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға грант өтініш берушінің:
1) іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүруі бойынша (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік жол жүруге тиісті қаражат беретін жағдайлардан басқа) ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде темір жол бойынша – купелі вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (СВ) 2 орындық, сондай-ақ аса жүрдек пойыздардың «Турист» және «Бизнес» сыныпты купелі вагондарын қоспағанда); су жолдары, шосселі және топырақты жолда бойынша – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растаушы құжаттар бар болса, экономикалық сынып тарифі бойынша; жол жүру билеттері мен қонақ үйден орын броньдау, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде мұндай шығыстарды растайтын құжаттары бар болса, поездарда тқсек-орын жабдығын пайдалану құнына;
2) біліктілікті арттыру мерзімінің ішінде бір орындық қонақ үй бөлмесінің құны бойынша тұру құнын төлеуге – нақты шығындар бойынша стандарт, оның ішіне құнына тең тұрғын үй ақысына, оның ішінде тәуліктік шығындарды қоспағанда, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік шетелдік іссапарларын республикалық және жергілікті бюджет есебінен өтеуді реттейтін нормативтік құқық актіге сәйкес ставкалар бойынша броньдау шығыстары жұмсалған шығындардың бір бөлігін төлеу түрінде беріледі.
45. Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға грант қаражаты екі миллион теңгеден артық емес көлемде қызметтердің құнын өтеуді көздейді.
46. Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға гранттың жалпы сомасы:
1) іссапар орнына және қайтадан тұрақты жұмыс орнына дейінгі жолақысы бойынша – жолақы құнының 40 (қырық) пайызын;
2) біліктілікті арттыру жоспарланып отырған ұйымның қызметтеріне ақы төлеуге – қызметтер көрсету құнының 40 (қырық) пайызы;
3) біліктілікті арттыру кезіндегі тұрғын үй ақысын төлеуге – тұрғын үй ақысының 40 (қырық) пайызын құрайды.
Бұл ретте біліктілігін арттыруға жіберілген қызметкердің курстарда, семинарларда оқу кезінде болу ұзақтығы 1 (бір) айдан және тағылымдамадан өту ұзақтығы 3 (үш) айдан аспауы тиіс.
47. Өтініш берушінің шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға грантқа ие болу нәтижелері:
1) курстарда, семинарларда оқу және тағылымдамадан өту қорытындысы туралы есеп;
2) мәлімделген қызметкердің курстарда, семинарларда оқытылғандығын және тағылымдамадан өткенін растайтын құжаттар.
48. Жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға грант технологиялық процесті жетілдіру, жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін беріледі. Осы Қағидаларға сәйкес инженерлік-техникалық саладағы шетел мамандары тартыла алады.
49. Жылына 3 (үш) маманнан артық емес жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту шығындарының бір бөлігін өтеу көрсетілген қызметтер құнын өтеуге жұмсалған қаражаттың (тәуліктік, тұрғын үй, жолақы шығындарын қоспағанда) 40 (қырық) пайызы шегінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайды. Жылына біліктілігі жоғары үш шетел маманы тартылған жағдайда жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға грантқа сәйкес одан кейін тартылған жоғары білікті шетелдік мамандар қызметтерінің құны өтелмейді.
50. Жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға грантқа ие болу мерзімі 1 (бір) жылдан аспауы тиіс.
51. Өтеу күнтізбелік жоспарға сәйкес жоғары білікті шетелдік мамандардың грант алушыға көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі.
52. Мыналар өтініш берушінің жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға грантқа ие болу нәтижелері болып табылады:
1) атқарылған жұмыс туралы есеп;
2) жоғары білікті шетелдік маман енгізіген технологиялық процестерді жақсартуға бағытталған ұсыныстар;
3) жоғары білікті шетелдік маманның атқарған жұмыстарының актісі.
53. Консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грант технологиялық процестерді жетілдірудің техникалық құжаттарын әзірлеуге беріледі.
54. Осы Қағидаларға сәйкес консалтингтік ұйым деп компанияны басқару жүйесін қалыптастырумен, қайта ұйымдастырумен және қызмет етуімен байланысты мәселелерді шешу бойынша экономиканың өңдеу секторындағы кәсіпорындарға көрсетілетін кәсіби көмек танылады.
55. Грант консалтингтік ұйым көрсететін мынадай қызметтерге беріледі:
1) кәсіпорынның жалпы жұмысын оңтайландыру (энергия аудиті, ақпараттық технология саласындағы консалтинг, оның ішінде автоматтандырылған жүйенің функционалдық сипаттамасына қойылатын талаптарды қалыптастыру және компанияны басқару жүйесін қалыптастырумен, қайта ұйымдастырумен және қызмет етуімен байланысты мәселелер жиынтығын шешу бойынша оны ұйымдарға енгізу бойынша);
2) өнеркәсіптік дизайн әзірлеу бойынша қызметтер.
56. Осы Қағидаларға сәйкес жобалық және инжинирингтік ұйымдар дегеніміз ұйымның өндірістік процеске дайындығымен байланысты қызметтер кешені, өндірістік процесті қамтамасыз ету және өнім өндіру, компания қызметінің негізгі өзекті көрсеткіштеріне 11+ құн, қызметтер, сапа, даму қарқыны 11+ түпкілікті қол жеткізу үшін бизнес процестерін қайта жобалау бойынша қызметтер болып табылады.
57. Жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грант инженерлік ниет пен шешімдерді дайындауға, жаңа конструкцияларды іздеуге, технологиялар мен оны өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындауға, өндіріс процесінің қалыпты жұмысын сүйемелдеу мен басқаруға және өнім өндіруге беріледі.
58. Өтініш беруші өтінімде консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды немесе олардың бірін тарту қажеттілігін көрсете алады.
59. Консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грант:
1) 40 (қырық) пайыз, бірақ бес миллион теңгеден аспайтын мөлшерде консалтингтік ұйымдар қызметінің құнын өтеуді көздейді. Грантты игеру мерзімі алты айдан аспауы тиіс;
2) 30 (отыз) пайыз, бірақ отыз миллион теңгеден аспайтын мөлшерде жобалық және инжинирингтік ұйымдар қызметінің құнын өтеуді көздейді. Грантты игеру мерзімі он екі айдан аспауы тиіс.
60. Егер жобаны игеруге ұзақ уақыт қажет болған жағдайда, грант алушы ұлттық институтқа шарттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде грантты игеру мерзімі ұзартылатын себептерді көрсете отырып, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грантты игеруді алты айға ұзарту туралы өтінім жібереді.
 61. Ұлттық институт өтінім тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны қарастырады және грант алушыға грантты игеру мерзімін ұзарту туралы немесе одан бас тарту туралы шешім туралы хабарлама жібереді.
 62. Ұлттық институт консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грантты игеру мерзімін ұзартады:
1) грант алушымен жасалған шартта көрсетілген еңсерілмес күш мән-жайлары орын алған жағдайда;
2) шартта қарастырылған талаптарды ескере отырып, жобаны іске асыруды аяқтау үшін қажетті қосымша жұмыс көлемі пайда болғанда ұзартады. Бұл ретте қосымша жұмыс көлемі гранттық қаржыландыруды ұлғайтуды көздемеуі тиіс.
 63. Ұлттық институт грантты игеру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде грант беру туралы шартқа қосымша ұлттық институт пен грант алушы арасында грантты игеру мерзімін ұзарту туралы келісімшарт жасалады.
 64. Өтеу консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдардың грант алушыға көрсеткен қызметтерінің нәтижелеріне байланысты күнтізбелік жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
65. Мыналар өтініш берушінің консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грантты игеру нәтижелері болып табылады:
1) консалтингтік компанияның энергия аудиті бойынша, ақпараттық технология саласында, компанияны басқару жүйесін қалыптастырумен, қайта ұйымдастырумен және қызмет етуімен байланысты мәселелер жиынтығын шешу, өнеркәсіптік дизайн құру бойынша көрсеткен қызметтерін растайтын құжаттар;
2) жобалық және инжинирингтік ұйымдардың техникалық экономикалық негіздемені, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу, инженерлік ой мен шешім дайындау, жаңа конструкция мен технологияларды іздестіру және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындау, сараптама және ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өнім өндірісінің барлық сатыларындағы жобаны сүйемелдеу бойынша көрсеткен қызметтерін растайтын құжаттар.
66. Басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге грант отандық кәсіпорындардың басқарушылық және өндірістік деңгейінің өсуін ынталандыру үшін, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін беріледі.
67. Осы Қағидаларда басқарушылық және өндірістік технология деп жалпы ұйымдардағы өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған ғылымның, техника мен қоғамның жетістіктерін пайдаланумен немесе белгілі алгоритм бойынша әртүрлі бейіндегі кәсіпорындарда орындалатын ақпараттық, есептік, ұйымдастырушылық, өндірістік және логикалық іс-әрекеттерден тұратын басқару және өндіріс процесін орындау бойынша ұйымдастырушылық шаралар кешені танылады.
Басқарушылық және өндірістік технологияларға ұйымның экономикалық тиімділігін арттыратын технологиялар, оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйесі, энергия тиімді және жасыл технологиялар, жобаны басқару стандарттары, Lean, Кайдзен әлеуметтік жауапкершілік, еңбекті қорғау және кәсіби аурулардың алдын алу, жобалық менеджмент, зерттеулер, әзірлемелер мен инновациялар, ақпараттық технологиялар, энергия және экология менеджменті саласындағы стандарттау (ISO) бойынша халықаралық ұйым стандарттары кіреді.
68. Басқарушылық және өндірістік технологиялар енгізуге грант басқарушылық процесті оңтайландыру мен ұтымды етуге бағытталған басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге байланысты іс-шараларды іске асыру шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде беріледі. Басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу грант көлемі басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге жұмсалған шығындардың 40 (қырық) пайызын құрайды, бірақ он бес миллион теңгеден аспайды.
69. Басқарушылық және өндірістік технологияны енгізуге грантты игеру мерзімі шартқа қол қойылған күннен бастап он екі айдан аспауы тиіс.
70. Өтеу басқарушылық және өндірістік технологияны енгізу нәтижесі бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес грант алушыға кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
71. Басқарушылық және өндірістік технологияны енгізуге грантты игеру нәтижелері:
1) атқарылған іс-шаралар туралы есеп;
2) басқарушылық және өндірістік технологияны енгізу актісі болып табылады.

Тәуелсіз сараптаманы жүргізу тәртібі

72. Ұлттық институт тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
73. Тәуелсіз сараптама жобаны орындау орындылығының бағасы болып табылады. Тәуелсіз сарапшы ретінде отандық және шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар әрекет ете алады.
74. Өтінімдерді бағалауға тартылатын тәуелсіз отандық және шетелдік сарапшылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін мынадай жалпы біліктілік талаптары қойылады:
1) сарапшы ретінде әрекет етуі көзделіп отырған білім саласында кемінде 2 (екі) жыл практикалық тәжірибесінің болуы;
2) экономика тиісті салаларында атқарған жұмыстары туралы өзге клиентерден/серіктестерден кемінде 2 (екі) ұсынымның болуы.
75. Отандық және шетелдік сарапшылардың жобалардың тәуелсіз сараптамасын қамтамасыз етуі бойынша қызметтерді көрсетуге тартылатын заңды тұлғалар үшін мынадай талаптар қойылады:
1) сараптамалық ұйым ретінде қызмет етуі көзделіп отырған экономика саласындағы немесе экономика аясындағы сараптамалық қызметтер көрсету нарығында кемінде 1 (бір) жыл еңбек өтілінің болуы;
2) тәуелсіз сарапшы ретінде қызмет етуі көзделіп отырған экономика саласындағы немесе экономика аясында тәуелсіз сараптама үшін тартылатын, осы Қағидалардың 74-тармағының талаптарына сәйкес келетін кемінде 10 (он) отандық сарапшылар тобының болуы;
3) тәуелсіз сарапшы ретінде қызмет етуі көзделіп отырған экономика саласындағы немесе экономика аясында тәуелсіз сараптама үшін тартылатын, осы Қағидалардың 74-тармағының талаптарына сәйкес келетін растайтын құжаттары мен түйіндемесі қоса берілген кемінде 5 (бес) шетелдік сарапшылар тобының болуы.
76. Өтінімнің тәуелсіз сараптамасын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тартылған жағдайда әрбір сарапшымен ұлттық институт сараптамалық қызмет көрсету туралы шарт жасасады. Сараптамалық қызметтер көрсету туралы үлгілік шартты ұлттық институт бекітеді.
77. Тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу шарттарын қоса алғанда, тәуелсіз сараптаманы өткізу тәртібін, сараптамалық қорытынды нысанын ұлттық институт бекітеді.
78. Жобаның тәуелсіз сараптамасы гранттың түріне байланысты мыналардан тұрады, бірақ мұнымен шектелмейді:
1) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға грант алуға оқудың өзектілігі, біліктілікті арттыру бағдарламасының тиімділігі және мәлімделген оқу мақсаттарын тексеруге, біліктілікті жоғарылату жоспарланып отырған ұйымның біліктілік деңгейі және шығындардың негізділігі тұрғысынан тексеру жүргізіледі;
2) жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға грант алуға өтініш берушінің технологиялық процесті жетілдіру қажеттілігі, өндірістік процеске жоспарланатын іс-шаралардың әсері және шығындардың негізділігі тұрғысынан жүргізіледі;
3) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға грант алуға энергия аудитін өткізу қажеттілігі, өндірістік дизайнды жүзеге асыру, жобаны білікті сүйемелдеу, жоспарланған іс-шараларды іске асырудан күтілетін әсер және шығындардың негізділігі тұрғысынан жүргізіледі;
4) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге грант алуға мәлімделген іс-шаралардың қажеттілігі және жоспарланған іс-шараларды іске асырудан күтілетін әсер және шығындардың негізілігі тұрғысынан жүргізіледі.
79. Егер өтінім тәуелсіз сарапшылардың бірінен теріс қорытынды алған жағдайда, өтінім тәуелсіз сараптама кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
80. Өтінімді алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тәуелсіз сарапшылар ұлттық институтқа қағаз тасығышта және электронды түрде (PDF немесе JPEG форматында сканерленген) өтінімдер бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынады.

______________________________________

Шет елде инженерлiк-техникалық
персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары
 білікті шетелдік мамандарды тартуға,
 консалтингтік, жобалық және инжинирингтік
 ұйымдарды тартуға, басқарушылық және
өндiрiстiк технологияларды енгiзуге
 инновациялық гранттар беру қағидаларына
1-қосымша


Грант алуға
ӨТІНІШ       
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)

1
Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға


2
жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға


3
консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға


4
басқарушылық және өндірістік технологияны енгізуге


 ұяшықта тиісті грантты белгілеу
       
грант алу үшін қажетті құжаттар пакетімен қоса осы өтінішті жіберіп отыр.


       
Ұсынылатын жобаның тақырыбы:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________       

Жобаның толық құны, теңгемен (санмен және жазбаша):       

Гранттың мәлімделген сомасы, теңгемен (санмен және жазбаша)::       
           
Жобаның мазмұны, мерзімдердің негіздемесі және құны қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «__» ______ № ____ қаулысымен бекітілген Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияны енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларымен таныстым.
       
Талап етілетін құжаттар парақ саны көрсетіліп, аталған Қағидаларға сәйкес қатаң кезектілікпен қоса берілген.
       
           
Ұйым басшысы


_______________________
(қолы)

_______________________
(Т.А.Ә.)


М.О.

Құжаттарды алғаны туралы белгі (ҰЛТТЫҚ ИНСТИТУТ толтырады)
       
Алынған күні: 20__ ж. «___»________________
Өтінімнің тіркеу нөмірі _________________
Тіркеуші___________________________________________________
(Т.А.Ә.,қолы)       

Ескертпе: ұйым бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қояды.


______________________________________    


Шет елде инженерлiк-техникалық
персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары
білікті шетелдік мамандарды тартуға,
 консалтингтік, жобалық және инжинирингтік
ұйымдарды тартуға, басқарушылық және
өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық
гранттар беру қағидаларына
2-қосымша

 ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ САУАЛНАМАСЫ
 ___________________________________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
Заңды мәртебесі және меншік түрі: __________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
Құрылтайшылар:________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
Құрылған жылы: _______________________________________________
Тіркеу нөмірі ___________________________________________
Мекенжайы___________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________
индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй (офис):
Тел.: ____________________________ Факс: _________________________
E-mail: ______________________ Web-site:__________________________
Банктік деректемелер, есеп шот, валюталық шот, банктік жеке код, салық төлеушінің тіркеу нөмірі:______________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
Теңгемен және валютамен алынған және өтелмеген кредиттер: ___________________________________________________________________________________________________________________________________
Өндіріс саласы:_______________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________сала, ОКЭД бойынша кіші сала
Қызмет түрлері мен олардың айналымдағы үлестері:
_____________________________________________________ _______%
____________________________________________________ _________%
Кадрлық әлеует:
Қызметкерлердің нақты саны: _____________, оның ішінде ғылыми қызметкерлер және/немесе инженерлік-техникалық қызметкерлер _____________; әкімшілік-басқарушылық персонал __________________; жұмысшылар және қызметкерлер _________________;
Өтінім берген күнге түскен айналым (түсім) _____________________теңге
Бірінші басшы (Т.А.Ә., туған жылы, лауазымы, нақты пошта және электронды мекенжайы, жұмыс және ұялы телефонының нөмірі (тікелей), білімі, ғылыми дәрежесі):
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жоба жетекшісі (Т.А.Ә., туған жылы, лауазымы, нақты пошталық және электронды мекенжайы, жұмыс және ұялы телефонының нөмірі (тікелей), білімі, ғылыми дәрежесі):
___________________________________________________________________________________________________________________________________
Бас бухгалтер (Т.А.Ә., телефоны):______________________________

Байланыс тұлғасы (Т.А.Ә., туған жылы, лауазымы, нақты пошталық және электронды мекенжайы, жұмыс және ұялы телефонының нөмірі (тікелей), білімі, ғылыми дәрежесі):
________________________________________________________________

БИЗНЕС СИПАТТАМАСЫ           
Кәсіпорынның пайда болу тарихы (құрылған күнінен бастап)           
Негізгідамукезеңдеріқайтаұйымдастырукеңейтілужаңабағыттардыңашылуыстандарттарыненгізукомпьютерлікжүйеніенгізужәнетб     Жыл    Кезең (толығымен)       
                
                
                
Бизнестің қазіргі жағдайы           
Өнімдер/қызметтер:           
Нарық/тұтынушылар:           
Серіктестер:           
Даму жоспары:           
Қосымша мәліметтер:        
 
Алдыңғы тәжірибе:
- сіздің ұйымыңыз осыған дейін мемлекеттік бағдарламаларға қатысты ма, егер қатысса қандай бағдарламада (бағдарлама атауын, жобаны және қаржыландыру сомасын көрсету қажет):
    
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

       
- сіздің ұйымыңыз осыған дейін халықаралық немесе үкіметтік емес ұйымдармен қаржыландырылды ма, егер қаржыландырылса, қайсысында (бағдарлама атауын, жобаны және қаржыландыру сомасын көрсету қажет):    
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________       
        
ЖОБА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
 
       
Жоба міндеттерінің сипаттамасы:       
Жобамен шешілетін бизнес-проблемалар:       
Күтілетін нәтижелер (жоба бизнестің дамуына қалай әсер етеді):       
Жобаны іске асыру мерзімі_____________________________________________

Сұрау салынған грант сомасы:___________________________________________    


Ұйым басшысы
 _____________ ___________________________
 (қолы) (Т.А.Ә.)
 М.О.

______________________________________


Шет елде инженерлiк-техникалық
персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары
білікті шетелдік мамандарды тартуға,
 консалтингтік, жобалық және инжинирингтік
ұйымдарды тартуға, басқарушылық және
 өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық
 гранттар беру қағидаларына
3-қосымша

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР ЖОБАСЫ

Жобаның атауы: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 
Р/с

    Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы    Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)    Кезеңнің есеп айырысу бағасы (теңге)    Есептілік нысаны мен түрі       
1    2    3    4    5       
                         

Ұйым басшысы

 _________________         _______________
     (қолы)                         (Т.А.Ә.)    
М.О.

______________________________________


Шет елде инженерлiк-техникалық
персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары
білікті шетелдік мамандарды тартуға,
консалтингтік, жобалық және инжинирингтік
 ұйымдарды тартуға, басқарушылық және
өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық
гранттар беру қағидаларына
4-қосымша


ШЫҒЫСТАР СМЕТАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Жобаның атауы ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

 Жұмысты орындауға жұмсалатын шығындар
Шығындардың барлық сомасы, теңге
Жұмыстардың кезеңдері

1
2
3

Шығындар - БАРЛЫҒЫ:
 
 
 
 

оның ішінде баптар бойынша -
 
 
 
 


 
 
 
 


 
 
 
 


 
 
 
 


 
 
 
 


 
 
 
 

Анықтама үшін: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар - БАРЛЫҒЫ:
 
 
 
 

оның ішінде:
 
 
 
 

- жеке қаражаты
 
 
 
 

- өзгелері (қандай екенін көрсету керек)
 
 
 
 

Ұйым басшысы
 _____________ ______________________________
 (қолы) (Т.А.Ә.)
 М.О.       
Экономист           
    (қолы)

______________________________________    


Шет елде инженерлiк-техникалық
персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары
білікті шетелдік мамандарды тартуға,
консалтингтік, жобалық және инжинирингтік
ұйымдарды тартуға, басқарушылық және
 өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық
гранттар беру қағидаларына
5-қосымша

Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер
(өтініш беруші бланкісінде толтырылады)

1. Т.А.Ә._______________________________________________________

 
Р/с№     Лауазымы    Аталмыш салада қызмет көрсетудегі еңбек өтілі     Білімі туралы диплом, куәлік немесе басқа да құжат бойынша біліктілгі немесе мамандығы    Санаты, дәрежесі, мамандық бойынша сыныбы (бар болса)    Азаматтығы       
1    2    3    4    5    6    

2. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Ұсыным хаттарын, басқа да заңды және жеке тұлғалардың пікірлерін қоса беру және тізімін көрсету қажет.

Біліктілігі жөніндегі барлық ақпараттың дұрыстығын растаймын.

Ұйым басшысы
 _____________ ___________________________
 (қолы) (Т.А.Ә.)
 М.О.

______________________________________

Шет елде инженерлiк-техникалық
персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары
білікті шетелдік мамандарды тартуға,
консалтингтік, жобалық және инжинирингтік
ұйымдарды тартуға, басқарушылық және
 өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық
гранттар беру қағидаларына
6-қосымша

Тартылатын компанияның біліктілігі және қызметкерлердің тәжірибесі туралы мәліметтер
(өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

1. Атауы __________________________________________________
_____________________________________________________________
2. Соңғы___ жыл ішінде компанияның осыған ұқсас қызмет көрсету көлемі (гранттың түріне байланысты)

 
 Көрсетілген қызметтер атауы    Тапсырыс берушілердің атауы мен олардың телефон нөмірлері    Қызмет көрсету орны мен жылы    Шарт құны, теңге
(көрсетпеуге болады)       
 1    2     3     4     

3. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (тартылатын компания осы жоба бойынша міндеттерді орындау үшін қажетті деп санайтын қызметкерлер көрсетіледі)

 
 Р/с№     Тегі, аты, әкесінің аты    Лауазымы     Аталмыш бағыт бойынша қызмет көрсету самасындағы еңбек өтілімі    Білімі туралы диплом, куәлік немесе басқа да құжат бойынша біліктілігі немесе мамандығы
    Санаты, дәрежесі, мамандық бойынша сыныбы (бар болса)    Азаматтығы       
                            

4. Ұсынымдар бойынша мәліметтер. Ұсыным хаттарын, басқа да заңды және жеке тұлғалардың пікірлерін қоса беру және тізімін көрсету қажет.

Ұсынылған біліктілік жөніндегі барлық ақпараттың дұрыстығын растаймын.


Ұйымның басшысы
 ________________ ___________________________
 (қолы) (Т.А.Ә.)
 М.О.
_____________________________________

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту